Өңірлер

Газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендейді – комиссия шешімі жарияланды

© Photo : Сайт правительства КазахстанаЦену на газ в Казахстане снизят до 50 тенге за литр - Тугжанов
Цену на газ в Казахстане снизят до 50 тенге за литр - Тугжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2022
Жазылу
Үкіметтік комиссия мүшелері Ақтауда Ынтымақ алаңында жиналған белсенділермен кездесті
АҚТАУ, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтаудағы Ынтымақ алаңына келіп, наразылыққа шыққандарға үкіметтік комиссияның шешімін жариялады. Олар газ бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер, оның ішінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.
© Photo : Сайт правительства КазахстанаҮкіметтік комиссия мүшелері Ақтауда Ынтымақ алаңында жиналған белсенділермен кездесті
Правительственная комиссия встретилась с активистами, собравшихся на площади Ынтымак в городе Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Үкіметтік комиссия мүшелері Ақтауда Ынтымақ алаңында жиналған белсенділермен кездесті
Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.
Тараптар туындайтын барлық мәселені сындарлы диалог арқылы және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге уағдаласты.
© Photo : Сайт правительства КазахстанаҮкіметтік комиссия мүшелері Ақтауда Ынтымақ алаңында жиналған белсенділермен кездесті
Правительственная комиссия встретилась с активистами, собравшихся на площади Ынтымак в городе Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Үкіметтік комиссия мүшелері Ақтауда Ынтымақ алаңында жиналған белсенділермен кездесті
5 қаңтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселеге қатысты жиын өткізеді.

Маңғыстаудағы наразылық

Екінші қаңтарда сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуіне қарсы болған Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары наразылыққа шықты.
Оған автокөлікке құятын газдың құны екі есеге – литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Тұрғындар бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Қазақстанның энергетика министрлігі газ бағасын енді сұраныс пен ұсынысқа сәйкес нарықтың өзі қалыптастыратынын түсіндірді. Әкімдік газ бағасын реттеуге араласпайды. Жеке кәсіпкерлер тарапынан бағаны негізсіз көтеру фактілері туындаған жағдайда бәсекелестікті қорғау агенттігінің департаменті әкімшілік шаралар қабылдайды.
3 қаңтарға қараған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл түрде қарастыруды тапсырғанын жазды. 4 қаңтарда құрамында президент әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін хабарлады.
Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді, деді президент.
Жаңалықтар
0