Өңірлер

Алматы комендатурасы тұрғындарға бірнеше көшені айналып өтуді ұсынды

© Sputnik/Александр МирогловБронетехника на подступах к площади Республики в Алматы
Бронетехника на подступах к площади Республики в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының комендатурасы төтенше жағдай режимі кезінде қала тұрғындарынан серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне бірнеше үлкен көшені айналып өтуді ұсынды.
"Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизмге қарсы күрес бойынша операциялардың жалғасуына байланысты автокөлік иелерінен Төле Би, Райымбек және Абай даңғылдарын, сондай-ақ қала орталығын айналып өту жолдарын жоспарлауды сұраймыз", - делінген ақпаратта.
Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр.
"Бұл шаралар азаматтардың жеке қауіпсіздігі үшін қабылданды", - деп мәлімдеді Алматы қаласы комендатурасы.
Сондай-ақ қауесет пен жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Айта кетері, 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілді.
Генерал Қанат Таймерденов Алматы қаласының коменданты болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0