Өңірлер

Ноғаев маңғыстаулықтардан арандатушылыққа ермеуді сұрады

© Photo : сайт правительства РКНұрлан Ноғаев
Нұрлан Ноғаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Облыс әкімі бірлік пен ынтымақтың арқасында бүгінгі қиындықтарды жеңетінімізге толық сенетінін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір халқына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі елдегі жағдай күрделі екенін атап өтті. Айтуынша, президент қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қабылдады. Қазіргі таңда кейбір өңірлерде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндірмеу, тұрақты жағдайды сақтау, зорлық-зомбылықтың, мемлекеттің және жеке азаматтардың мүлкіне қол сұғу және басқа да заңбұзушылықтардың болмауы бағытында арнайы операциялар жүргізіліп жатыр.
Бұл операциялардың барлығы қолданыстағы заң аясында іске асуда, деп сендірді Ноғаев.
"Қазіргі таңда облыстарда жолдарды жабу, коммуналдық және өндірістік мекемелердің жұмысына кедергі келтіру, адамдардың жүріп-тұруына кедергі жасау жөніндегі арандатушылыққа ермеуіңізді сұраймыз. Мұның барлығы адамдардың жүріп-тұруына, денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда, тұрмыспен қамтамасыз ету мәселелеріне қауіп төнген жағдайда заң аясында сұралады", - деп мәлімдеді Ноғаев.
Ол тек бірлік пен бірігіп атқарған істеріміздің нәтижесінде ғана Қазақстанда тұрақтылықты сақтай аламыз деді.
"Барлығымыз болып жатқан шараларға, оқиғаларға түсіністікпен қарап, айналамыздағы ағайын-тумаға, ұл-қыздарымызға осыны түсіндіре отырып, облыстағы жағдайдың тұрақты болып сақталуына, сәйкесінше еліміздің тұрақтылығына, тыныштығына әсер ететін іс-шараларға бірігіп атсалысайық. Сіздерге сабырлық пен шыдамдық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Тек бірлік пен ынтымақтың арқасында ғана бүгінгі қиындықтар мен келеңсіздіктерді жоятынымызға толық сенемін", - деді облыс әкімі.
Жаңалықтар
0