Өңірлер

Таразда 3 полиция ғимараты мен 50-ге жық көлік өртенген

Жазылу
Тәртіпсіздікке қатысқандар автотұрақта тұрған 50-ге жуық полиция көлігін өртеп жіберген
ТАРАЗ, 6 қаңтар – Sputnik. Түндегі тәртіпсіздіктер кезінде Тараз қаласында 3 полиция ғимараты мен 50-ге жық көлік өртенген, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі. 
Бесінші қаңтардан алтысына қараған түні Жамбыл облысы полиция департаменті, қалалық полиция басқармасы, № 1 полиция бөлімінің ғимараты бүлінген. Ойран салушылар өрт қойып, есік-терезелерін қиратқан. Автотұрақта тұрған 50-ге жуық полиция көлігін өртеп жіберген.
Қазір қалада жағдай тұрақты.
Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жағдай бақылауға алынды деп хабарлады.
 
Жаңалықтар
0