Өңірлер

Үш өңірді қоспағанда елде мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын бастады

© Photo : "Правительство для граждан"АвтоЦОН
АвтоЦОН - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Сондай-ақ 12 қаңтардан бастап Алматы облысының ХҚКО-лары қайта қызмет көрсете бастады
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда бүгіннен бастап мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істей бастайды, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
12 қаңтардан бастап елімізде, үш өңірді қоспағанда автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істей бастайды.
Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).
Әзірге Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының автоХҚКО-лары ғана ашылмайды.
Бұл өңірлерде автоқызметтердің қайта көрсетіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланады.
"Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Қазір мамандандырылған ХҚКО-лар қайта іске қосылады, біз клиенттердің онда көптеп келетінін болжап отырмыз. Сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. АвтоХҚКО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес беремін", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына Ashyq қосымшасы арқылы кіру қажет.
Айта кетері, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) өз жұмысын 10 қаңтардан бастап қайта бастады, Алматыда 11 қаңтардан бастап жұмыс істеп тұр.
12 қаңтарда Алматы облысының ХҚКО-лары қайта қызмет көрсете бастады. Мамандар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0