Архивтегі сурет

Карантин күшейтіледі: Шымкентте сараланған жұмыс кестесі енгізіледі

79
(Жаңартылды 16:31 14.01.2022)
Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында 15 қаңтардан бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі.

Құжатқа сәйкес, ашық ауада және жабық үй-жайларда, соның ішінде үйде отбасылық және еске алу шараларын, атап айтқанда банкет, үйлену тойы, мерейтойларды өткізуге тыйым салынады.

Тек Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін ас беруге рұқсат етіледі.

Бұдан бөлек, қоғамдық көлікке жүктемені азайту үшін ұйымдар мен кәсіпорындарда сараланған жұмыс кестесі енгізіледі.

Қаулы 2022 жылдың 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы карантин: 14 қаңтардан бастап жаңа шектеулер енгізілді

Бұған дейін Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері елде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаңа қаулы қабылдады. Оған сәйкес, жұмыс және демалыс күндері сауда орталықтары, фитнес, йога орталықтары, бассейн, сауна, моншаларға тек "жасыл" статусы бар адамдар кіргізіледі.

79
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, жұмыс кестесі
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (886)

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

6
(Жаңартылды 12:01 17.01.2022)
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздік кезінде 250-ге жуық нысан бүлінген. Сондай-ақ 37 пәтерге залал келген. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада қалпына келтіруді қажет ететін 243 нысан анықталды. Бұл – белгілі бір бөлігінде өрт болған жерлер, мұнда терезе, есіктерді ауыстыру қажет. Оның ішінде 27 мемлекеттік нысан мен 216 шағын және орта бизнес нысаны бар. 27 мемлекеттік мекеме нысанының 10-ы бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жерлер толық жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде әкімдік ғимараты, "Қазақстан" телеарнасының ғимараты, президент резиденциясы, қала прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының ғимараты бар", - деді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Сондай-ақ 6 ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Олар: полиция департаментінің ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция басқармасының ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция бөлімінің ғимараты және фронт-офис.

Қалған 17 нысанға аз шығын келген, соған байланысты олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі.

"Бірқатар құрылыс және ірі мердігерлік ұйымдар кішігірім жұмыстарды өздері қалпына келтіруге ниет білдірді. 5 медицина мекемесін жөндеу бойынша жұмыс басталды. Әуезов және Жетісу ауданы полиция басқармасының ғимараты фронт офисімен бірге және Алматы полиция департаментінің 10 модульдік бекеті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі", - деді Әзірбаев.

Сондай-ақ қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Назарбаев - Сәтбаев көшесі қиылысындағы 37 пәтерге зақым келді.

"Қазірге дейін 37 пәтер тексерілді. Мамандар залал келген жерлерді есептеп жатыр, оған бірнеше күн кетеді. Алайда жұмысқа қазір кірісе алмаймыз, себебі алдағы екі күнде тергеу шаралары жүргізіледі. Бұл туралы тұрғындар мен ПИК-ке хабарланды", - деді Мұхит Әзірбаев.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

 

6
Кілт сөздер:
Алматы, пәтер, тәртіпсіздік
АвтоХҚКО

Алматы облысында мамандандырылған ХҚКО-лар ашылды

9
Авто ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 17 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

Авто ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері жабық болады.

Қаңтар айының басында төтенше жағдайға байланысты Қазақстанда барлық мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.

12 қаңтарда Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, елдің қалған өңірлерінде мамандандырылған орталықтар ашылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-лары 14 қаңтарда жұмыс істей бастады.

Оқи отырыңыз: Жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер нені білуге тиіс

"Қазіргі уақытта мамандандырылған ХҚКО-лар тек Жамбыл облысында ғана жабық", -деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет".

Корпорация Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы да көлікті онлайн режимде қайта рәсімдеуге болатынын атап өтті.

9
Кілт сөздер:
Алматы облысы, ХҚКО
Самат Әбіш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

34
(Жаңартылды 12:27 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

34
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев