Алматы қаласы, архивтегі фото

Алматыда такси жүргізуші тонаушыны ұстауға көмектесті

50
Көлік жүргізуші жолаушының теледидар қорабына қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Алматыда такси жүргізуші тонаушыны анықтауға көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысушының қару-жарақ дүкенін тонағаны анықталды.

"Әуезов ауданы полиция қызметкерлері И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқанын, сонымен қатар ірі қару-жарақ дүкенін тонап, одан 10 патроны бар "BrowntnG" тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткенін анықтады", - деп хабарлады полиция.

Ер адам мылтықты №5 ықшам аудандағы ауланың біріндегі қоқыс жәшігіне тығып қойған.

Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып, мылтық жасырынған жерге келген. Көлік жүргізуші жолаушының теледидар қорабына қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған.

"Тұтқындау кезінде И. есімді ер адам әскери киімде болған. Оны қайдан алғанын тергеу анықтайды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының комендатурасы мұндай оқиғаларға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдірді", - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Әтір, сағат, опа-далап: Алматы вокзалында 22 жастағы тонаушы ұсталды 

50
Аурухана, науқас

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 110 адам ауруханада жатыр

10
15 қаңтарда Бас прокуратура бүлік кезінде Қазақстан бойынша 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін мыңнан аса адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде қазір 110 адам ауруханада жатыр.

Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр. Ішінде 8 адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың жағдайы қалыпты", - деді Сұлтанғазиева.

Айтуынша, өткен аптада 3 науқас басқа денсаулық сақтау мекемелеріне ауыстырылды.

"Бір бала №2 балалар ауруханасынан жедел емдеу мақсатында Педиатрия институтына ауыстырылды. Екінші ота жасалды, баланың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала қалалық жедел көмек көрсету ауруханасынан шұғыл көмек көрсетілетін балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, 15 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстан бойынша бүлік кезінде 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

10
Кілт сөздер:
Алматы, тәртіпсіздік, аурухана, адам
Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция
Тақырып бойынша
Алматыдағы бүлік шығыны 112 миллиард теңгеден асады
Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталды
Алматы облысында мамандандырылған ХҚКО-лар ашылды
Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

14
(Жаңартылды 12:01 17.01.2022)
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздік кезінде 250-ге жуық нысан бүлінген. Сондай-ақ 37 пәтерге залал келген. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада қалпына келтіруді қажет ететін 243 нысан анықталды. Бұл – белгілі бір бөлігінде өрт болған жерлер, мұнда терезе, есіктерді ауыстыру қажет. Оның ішінде 27 мемлекеттік нысан мен 216 шағын және орта бизнес нысаны бар. 27 мемлекеттік мекеме нысанының 10-ы бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жерлер толық жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде әкімдік ғимараты, "Қазақстан" телеарнасының ғимараты, президент резиденциясы, қала прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының ғимараты бар", - деді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Сондай-ақ 6 ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Олар: полиция департаментінің ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция басқармасының ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция бөлімінің ғимараты және фронт-офис.

Қалған 17 нысанға аз шығын келген, соған байланысты олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі.

"Бірқатар құрылыс және ірі мердігерлік ұйымдар кішігірім жұмыстарды өздері қалпына келтіруге ниет білдірді. 5 медицина мекемесін жөндеу бойынша жұмыс басталды. Әуезов және Жетісу ауданы полиция басқармасының ғимараты фронт офисімен бірге және Алматы полиция департаментінің 10 модульдік бекеті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі", - деді Әзірбаев.

Сондай-ақ қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Назарбаев - Сәтбаев көшесі қиылысындағы 37 пәтерге зақым келді.

"Қазірге дейін 37 пәтер тексерілді. Мамандар залал келген жерлерді есептеп жатыр, оған бірнеше күн кетеді. Алайда жұмысқа қазір кірісе алмаймыз, себебі алдағы екі күнде тергеу шаралары жүргізіледі. Бұл туралы тұрғындар мен ПИК-ке хабарланды", - деді Мұхит Әзірбаев.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

 

14
Кілт сөздер:
Алматы, пәтер, тәртіпсіздік
Ақша, теңге, банкнот

"Қазақстан халқына" қорына қанша ақша түсті

0
Қор басшылығы барлық қаражаттың ашықтығы мен есептілігі толығымен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Бүгін, 17 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына жеке тұлғалардан 10 миллион теңге, заңды тұлғалардан 12 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

"17 қаңтар күні таңертең қоғамдық қорға 6 519 қазақстандықтан 10,1 миллион теңге түсті. Заңды тұлғалар 12,36 миллиард теңге аударды", - делінген хабарламада.

Заңды тұлғалар арасында "Kaspibank" АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 миллиард теңге, "Халық" қайырымдылық қоры" ЖҚ – 2 миллиард теңге, "Степногорск тау-кен химия комбинаты" ЖШС – 350 миллион теңге аударған.

"Қазақстан халқына" қоры ақша аударған барша қазақстандыққа, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз: Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорын басқарады

Қор басшылығы барлық қаржының ашықтығы мен есептілігі толығымен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.

Бизнесмендер, меценаттар және жанашыр азаматтар "Қазақстан халқына" қорына мына деректемелер бойынша қаражат аудара алады:

  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан халық банкі" АҚ;
  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, "Kaspi Bank" АҚ.
0
Кілт сөздер:
ақша