Тараз қаласы, 10 қаңтар

Тараздағы тәртіпсіздік кезінде Ресей азаматы қаза болды

45
Қылмыс әйел жұмыстан қайтып келе жатқан кезде болған. Марқұмның артында үш баласы қалды

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Таразда 6 қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Ресей азаматы қаза тапты, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.

"Ресейдің Алматыдағы бас консулдығына Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласында 6 қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде бандиттердің қолынан 1995 жылы туған Ресей азаматы, үш баланың анасы М.В.Ким қаза тапқаны туралы ақпарат түсті. Қылмыс М.В.Ким жұмыс орнынан шыққан кезде жасалған", - делінген елшілік хабарламасында.

Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы марқұмның анасымен және туыстарымен байланысқа шықты.

"Облыс басшылығына жағдайды бақылауға алып, марқұмның отбасына көмек көрсету туралы өтініш жолданды. Бас консулдық М.В.Кимнің отбасына материалдық көмек көрсету мәселесін пысықтап жатыр", - деп хабарлады елшілік.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарына осы қылмысты мұқият және жан-жақты тергеу қажет екені туралы сұрау жіберді.

"Қылмыскерлердің жеке басы анықталып, олар заң аясында қатаң жазаланады деп үміттенеміз", - делінген хабарламада.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

45
Аурухана, науқас

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 110 адам ауруханада жатыр

5
15 қаңтарда Бас прокуратура бүлік кезінде Қазақстан бойынша 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін мыңнан аса адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде қазір 110 адам ауруханада жатыр.

Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр. Ішінде 8 адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың жағдайы қалыпты", - деді Сұлтанғазиева.

Айтуынша, өткен аптада 3 науқас басқа денсаулық сақтау мекемелеріне ауыстырылды.

"Бір бала №2 балалар ауруханасынан жедел емдеу мақсатында Педиатрия институтына ауыстырылды. Екінші ота жасалды, баланың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала қалалық жедел көмек көрсету ауруханасынан шұғыл көмек көрсетілетін балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, 15 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстан бойынша бүлік кезінде 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

5
Кілт сөздер:
Алматы, тәртіпсіздік, аурухана, адам
Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция
Тақырып бойынша
Алматыдағы бүлік шығыны 112 миллиард теңгеден асады
Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталды
Алматы облысында мамандандырылған ХҚКО-лар ашылды
Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

11
(Жаңартылды 12:01 17.01.2022)
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздік кезінде 250-ге жуық нысан бүлінген. Сондай-ақ 37 пәтерге залал келген. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада қалпына келтіруді қажет ететін 243 нысан анықталды. Бұл – белгілі бір бөлігінде өрт болған жерлер, мұнда терезе, есіктерді ауыстыру қажет. Оның ішінде 27 мемлекеттік нысан мен 216 шағын және орта бизнес нысаны бар. 27 мемлекеттік мекеме нысанының 10-ы бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жерлер толық жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде әкімдік ғимараты, "Қазақстан" телеарнасының ғимараты, президент резиденциясы, қала прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының ғимараты бар", - деді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Сондай-ақ 6 ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Олар: полиция департаментінің ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция басқармасының ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция бөлімінің ғимараты және фронт-офис.

Қалған 17 нысанға аз шығын келген, соған байланысты олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі.

"Бірқатар құрылыс және ірі мердігерлік ұйымдар кішігірім жұмыстарды өздері қалпына келтіруге ниет білдірді. 5 медицина мекемесін жөндеу бойынша жұмыс басталды. Әуезов және Жетісу ауданы полиция басқармасының ғимараты фронт офисімен бірге және Алматы полиция департаментінің 10 модульдік бекеті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі", - деді Әзірбаев.

Сондай-ақ қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Назарбаев - Сәтбаев көшесі қиылысындағы 37 пәтерге зақым келді.

"Қазірге дейін 37 пәтер тексерілді. Мамандар залал келген жерлерді есептеп жатыр, оған бірнеше күн кетеді. Алайда жұмысқа қазір кірісе алмаймыз, себебі алдағы екі күнде тергеу шаралары жүргізіледі. Бұл туралы тұрғындар мен ПИК-ке хабарланды", - деді Мұхит Әзірбаев.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

 

11
Кілт сөздер:
Алматы, пәтер, тәртіпсіздік
Кумтор Голд Компани атқарушы директоры Қанат Құрманов

Қазақстандық Қырғызстандағы Құмтор кен орнына атқарушы директор болып барды

0
Жаңа директордың тау-кен өндіру саласында жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық маман Қанат Құрманов "Құмтор голд компани" атқарушы директоры қызметін атқарады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қанат Құрмановты кен орнының жаңа басшылығы шақырған.

Сондай-ақ ол өзі жайлы әңгімелеп берді.

"Мен Ыстықкөл облысы Тоң ауданы Боконбаево ауылында тудым. Үш жасқа толғанда, ата-анам Қазақстанға көшті. Әкем — қырғыз, анам — қазақ. Бүгінде мен Қазақстан азаматымын. Жаңа басшылық кен орнында сыртқы басқару енгізілген соң, мені шақырды. Менің мамандығым — пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер. Жоғары оқу орнын 2006 жылы тәмамдадым, алайда өндірістік кәсіпорындарда 2003 жылдан бері қызмет етемін", - деді Құрманов.

Айтуынша, оның тау-кен өндіру саласында 20 жыл, ал Қазақстандағы тау-кен байыту фабрикасында 18 жыл жұмыс тәжірибесі бар.

Оқи отырыңыз: 

Асқар Ақаев Қырғызстанға ұшып келді

Қуғынға ұшыраған президенттер: Атамбаевқа дейінгі басшылар қайда жүр?

0
Кілт сөздер:
Қырғызстан, кен орыны