Тараз қаласы, 6 қаңтар

Таразда көз жұмған Ресей азаматына жеті жерден пышақ салған

5971
26 жастағы үш баланың анасына жұмыс орнынан кетейін деп жатқанда дәмханаға шабуыл жасамақ болған тонаушылар тап берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Таразда көз жұмған Ресей азаматы Мария Кимді жеті жерден пышақтап, басынан атып кеткен, деп хабарлады Mash телеграм-арнасы.

Мария Тараздағы дәмханада жұмыс істеген. Тәртіпсіздіктер басталған кезде жұмысшылар дәмхана иесінен оларды үйіне жеткізетін көлік жіберуін сұраған. Бірақ нысан иесі бас тартқан. 26 жастағы әйел, үш баланың анасына дәмхананы жабуға тура келген. Осы сәтте бұзақылар тап беріп, жеті жерден пышақ салып, басынан атқан.

Ресей елшілігі Қазақстанның ішкі істер министрлігіне жіті тергеу жүргізу жөнінде талап жолдады.

5971
Аурухана, науқас

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 110 адам ауруханада жатыр

4
15 қаңтарда Бас прокуратура бүлік кезінде Қазақстан бойынша 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін мыңнан аса адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде қазір 110 адам ауруханада жатыр.

Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр. Ішінде 8 адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың жағдайы қалыпты", - деді Сұлтанғазиева.

Айтуынша, өткен аптада 3 науқас басқа денсаулық сақтау мекемелеріне ауыстырылды.

"Бір бала №2 балалар ауруханасынан жедел емдеу мақсатында Педиатрия институтына ауыстырылды. Екінші ота жасалды, баланың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала қалалық жедел көмек көрсету ауруханасынан шұғыл көмек көрсетілетін балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, 15 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстан бойынша бүлік кезінде 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

4
Кілт сөздер:
Алматы, тәртіпсіздік, аурухана, адам
Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция
Тақырып бойынша
Алматыдағы бүлік шығыны 112 миллиард теңгеден асады
Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталды
Алматы облысында мамандандырылған ХҚКО-лар ашылды
Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

11
(Жаңартылды 12:01 17.01.2022)
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздік кезінде 250-ге жуық нысан бүлінген. Сондай-ақ 37 пәтерге залал келген. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада қалпына келтіруді қажет ететін 243 нысан анықталды. Бұл – белгілі бір бөлігінде өрт болған жерлер, мұнда терезе, есіктерді ауыстыру қажет. Оның ішінде 27 мемлекеттік нысан мен 216 шағын және орта бизнес нысаны бар. 27 мемлекеттік мекеме нысанының 10-ы бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жерлер толық жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде әкімдік ғимараты, "Қазақстан" телеарнасының ғимараты, президент резиденциясы, қала прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының ғимараты бар", - деді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Сондай-ақ 6 ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Олар: полиция департаментінің ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция басқармасының ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция бөлімінің ғимараты және фронт-офис.

Қалған 17 нысанға аз шығын келген, соған байланысты олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі.

"Бірқатар құрылыс және ірі мердігерлік ұйымдар кішігірім жұмыстарды өздері қалпына келтіруге ниет білдірді. 5 медицина мекемесін жөндеу бойынша жұмыс басталды. Әуезов және Жетісу ауданы полиция басқармасының ғимараты фронт офисімен бірге және Алматы полиция департаментінің 10 модульдік бекеті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі", - деді Әзірбаев.

Сондай-ақ қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Назарбаев - Сәтбаев көшесі қиылысындағы 37 пәтерге зақым келді.

"Қазірге дейін 37 пәтер тексерілді. Мамандар залал келген жерлерді есептеп жатыр, оған бірнеше күн кетеді. Алайда жұмысқа қазір кірісе алмаймыз, себебі алдағы екі күнде тергеу шаралары жүргізіледі. Бұл туралы тұрғындар мен ПИК-ке хабарланды", - деді Мұхит Әзірбаев.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

 

11
Кілт сөздер:
Алматы, пәтер, тәртіпсіздік
архивтегі сурет

"Үш қалада онлайн болады": оқушылар III тоқсанда қалай оқиды

0
Ауылдың оқушылары бұрынғыдай мектепке барып оқиды. Барлық балабақша да штаттық режимде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі III оқу тоқсанына қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, III тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Бірақ республикалық маңызы бар үш қаланың оқушылары әзірше онлайн режимде білім алады.

"Бүгін, 17 қаңтарда үшінші оқу тоқсаны басталды. Бұл тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Санитарлық дәрігелердің шешім бойынша үш қала – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте қашықтан оқыту форматы болады. Қазіргі кезде барлық техникалық құрал-жабдық таратылды. Ал басқа өңірлерде бір мектепте 600-ден астам оқушы болса, олар да онлайн режимде оқиды. Бірақ 1-2 сынып оқушылары штаттық форматта білім алады. 3-5 сынып оқушылары үшін кезекші топтар ұйымдастырылады", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ауылдың оқушылары бұрынғыдай мектепке барып оқиды. Барлық балабақша да штаттық режимде жұмыс істейді.

Жалпы, республика бойынша 2 миллионнан астам оқушы (60 процент) дәстүрлі форматта білім алса, 1,5 миллионға жуық бала (40 процент) қашықтан оқиды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
оқушылар, білім