Қыс

Ақмола облысында төрт күн бойы адасып жүрген малшылар табылды

244
(Жаңартылды 20:42 14.01.2022)
Жұмысшылар қолайсыз ауа райына, яғни боранға қарамастан қарда жүретін көлікпен жылқы іздеуге шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысының екі тұрғыны жылқы іздеуге шығып, төрт күн бойы адасып жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қаңтарда Шортанды ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан хабарлама келіп түсті. Ол жоғалып кеткен екі қызметкері туралы хабарлаған.

4 қаңтарда жұмысшылар қолайсыз ауа райына, яғни боранға қарамастан қарда жүретін көлікпен жылқы іздеуге аттанғаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы мен Целиноград ауданының тұрғындары төрт тәулікке жуық далада болған.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Арман Маминов пен Рүстем Садықов жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шортанды ауданының Ключи ауылынан 20 шақырым қашықтықта хабар-ошарсыз кеткен адамдарды тапты.

Малшылардың көлігі бұзылып, қиындыққа тап болғаны анықталды, бірақ олар қараусыз қалған балық аулау орнына кездейсоқ кезікпегенше жүре берген. Сонда көмек күткен. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз: Қызылордада боранды күні жоғалған әке мен бала табылды 

244
Аурухана, науқас

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 110 адам ауруханада жатыр

10
15 қаңтарда Бас прокуратура бүлік кезінде Қазақстан бойынша 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін мыңнан аса адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде қазір 110 адам ауруханада жатыр.

Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр. Ішінде 8 адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың жағдайы қалыпты", - деді Сұлтанғазиева.

Айтуынша, өткен аптада 3 науқас басқа денсаулық сақтау мекемелеріне ауыстырылды.

"Бір бала №2 балалар ауруханасынан жедел емдеу мақсатында Педиатрия институтына ауыстырылды. Екінші ота жасалды, баланың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала қалалық жедел көмек көрсету ауруханасынан шұғыл көмек көрсетілетін балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, 15 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстан бойынша бүлік кезінде 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

10
Кілт сөздер:
Алматы, тәртіпсіздік, аурухана, адам
Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция
Тақырып бойынша
Алматыдағы бүлік шығыны 112 миллиард теңгеден асады
Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталды
Алматы облысында мамандандырылған ХҚКО-лар ашылды
Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зақымдалды

15
(Жаңартылды 12:01 17.01.2022)
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды

АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздік кезінде 250-ге жуық нысан бүлінген. Сондай-ақ 37 пәтерге залал келген. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада қалпына келтіруді қажет ететін 243 нысан анықталды. Бұл – белгілі бір бөлігінде өрт болған жерлер, мұнда терезе, есіктерді ауыстыру қажет. Оның ішінде 27 мемлекеттік нысан мен 216 шағын және орта бизнес нысаны бар. 27 мемлекеттік мекеме нысанының 10-ы бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жерлер толық жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде әкімдік ғимараты, "Қазақстан" телеарнасының ғимараты, президент резиденциясы, қала прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының ғимараты бар", - деді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Сондай-ақ 6 ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Олар: полиция департаментінің ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция басқармасының ғимараты және фронт-офис, Алмалы ауданы полиция бөлімінің ғимараты және фронт-офис.

Қалған 17 нысанға аз шығын келген, соған байланысты олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі.

"Бірқатар құрылыс және ірі мердігерлік ұйымдар кішігірім жұмыстарды өздері қалпына келтіруге ниет білдірді. 5 медицина мекемесін жөндеу бойынша жұмыс басталды. Әуезов және Жетісу ауданы полиция басқармасының ғимараты фронт офисімен бірге және Алматы полиция департаментінің 10 модульдік бекеті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалпына келтіріледі", - деді Әзірбаев.

Сондай-ақ қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Назарбаев - Сәтбаев көшесі қиылысындағы 37 пәтерге зақым келді.

"Қазірге дейін 37 пәтер тексерілді. Мамандар залал келген жерлерді есептеп жатыр, оған бірнеше күн кетеді. Алайда жұмысқа қазір кірісе алмаймыз, себебі алдағы екі күнде тергеу шаралары жүргізіледі. Бұл туралы тұрғындар мен ПИК-ке хабарланды", - деді Мұхит Әзірбаев.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл шығынды жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруді тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

 

15
Кілт сөздер:
Алматы, пәтер, тәртіпсіздік
Атамекен ҰҚП туы

"Атамекен" ҰҚП Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

0
(Жаңартылды 13:56 17.01.2022)
Ұлттық палатаның заң нормаларына сәйкес құрылған барлық басқару органдары штаттық режимде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тимур Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.

ҰҚП мәліметінше, Тимур Құлыбаевтың "Атамекен" төралқа төрағасы қызметіндегі өкілеттігі өз еркімен тоқтатылды.

"Тимур Асқарұлының жеке шешіміне құрметпен қараймыз және бірнеше жыл бірге атқарған жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған кезден бастап бірге болды және палатаның бизнес пен биліктің сындарлы диалог алаңы ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты", - делінген хабарламада.

Ұлттық палатаның заң нормаларына сәйкес құрылған барлық басқару органдары штаттық режимде жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тәртіпсіздіктерден зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты бастады. 

ҰҚП хабарлауынша, төралқа төрағасын съезд сайлайды. Төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төраға міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын айқындайды.

"Біз "Атамекен" ҰКП сайлау жүйесін нығайту жұмысын жалғастырамыз. 2020 жылы өңірлік кеңестерде сайлау өткізілді. Жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың талқылауына бұрыннан келе жатқан мәселе – төралқа жанындағы салалық комитеттерінің мүшелерін тиісті салалардың кәсіпкерлері етіп сайлау тәртібін шығарады", - деді басқармадағылар.

Нәтижесінде 2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай съезд және төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады.

Басқарудың жоғарғы органы ретінде съезд өз уәкілеттігі аясында төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ басқарма құрамына қатысты шешімін шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Қазақстанда танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеді

0
Кілт сөздер:
'Атамекен' ҰКП, Тимур Құлыбаев