Өңірлер

Таразда 18 жастағы жігіттің пәтерінен қару табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинРужье, иллюстративное фото
Ружье, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Ол заттарды орталық алаңда болған тәртіпсіздік кезінде ұрлағандығын мойындады
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында 18 жастағы жігіттің жалдамалы пәтерінен қару мен қорғаныс құралдары табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДП Жамбылской области (@zhambyl_police)

Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында қару-жарық пен оқ-дәрілерді іздестіру кезінде жалға алынған пәтерлердің бірінен ұрланған арнайы қорғаныс құралдарын тапты.
Пәтерді жалға алушы 18 жастағы жігіт аталған заттарды орталық алаңда болған тәртіпсіздік кезінде ұрлағандығын мойындады.
Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау жұмыстары мен оның жаппай тәртіпсіздікке қатыстылығы тексерілуде.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0