Өңірлер

Алматы әуежайы қалыпты жұмыс режиміне көшті

© Photo : РСК АлматыАэропорт Алматы
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ойрандаушылар әуежайды басып алған болатын
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Алматы әуежайы 19 қаңтардан бастап қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Алматыда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты 19 қаңтар сағат 00.00-ден бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істей бастады", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Алматы халықаралық әуежайының аумағына автокөлікпен кіру уақытша шектеу қойылған.
Айта кетері, Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 13 қаңтарда қала әуежайы қайта ашылды. Алайда төтенше жағдай мен коменданттық сағатқа байланысты таңғы 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеді.
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ойрандаушылар әуежайды басып алған. Ғимарат терроризмге қарсы операция барысында босатылды. 

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0