Өңірлер

Терроризмге қарсы операция: Алматыда бірнеше жол учаскесі жабылды

© REUTERS / MARIYA GORDEYEVAМужчина в защитной маске отражается в боковом зеркале автомобиля в Алматы
Мужчина в защитной маске отражается в боковом зеркале автомобиля в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Полицейлер азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол қозғалысы ережесін сақтауды сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар - Sputnik. Алматы полиция департаменті терроризмге қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты 19 қаңтарда келесі учаскелерде жол қозғалысы уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді:
  • Абылай хан көшесі бойынша Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін солтүстік және оңтүстік бағыттарда;
  • Төле би даңғылы бойынша Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шығыс және батыс бағыттарда.
Полицейлер азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол қозғалысы ережесін сақтауды сұрады.
Жаңалықтар
0