Өңірлер

Павлодар халқы пәтер сатып әперген әйел бір күннен кейін қайтыс болды

© Sputnik / Сергей КимЦветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы
Цветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Ол артында қалған үш баласы еріктілердің арқасында баспаналы болғанын біліп кетті
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Павлодарда үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана, 33 жастағы Анастасия Ставкова қайтыс болды.
Ол балаларымен және зейнеткер анасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрған, бірақ оның ақысын төлей алмаған: ақша ештеңеге жетпеген.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Әйел тұрғын үй кезегінде 10 жыл тұрыпты, бірақ содан бері бір баспана бұйырмаған.
Анастасияның мүшкіл жағдайын білген жанашыр павлодарлықтар үш күнде 17,5 миллион теңге жинады. Бұл ақша әйелдің балаларына үш бөлмелі пәтер алуға жетті, олар енді әжесімен бірге тұрады.
Пәтер 19 қаңтарда сатып алынды, ал келесі күні қатерлі ісікке шалдыққан Анастасия қайтыс болды. 
Оқи отырыңыз: Қазақстан халқы 23 мұқтаж отбасыға баспана әперді
Жаңалықтар
0