Өңірлер

Маңғыстау облысында мұғалімнің орны 750 мың теңгеге сатылды

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги, цифровизация, иллюстративное фото
Тенге, деньги, цифровизация, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Алаяқ алдауына сенген жас маман ақшаны бере салған. Бірақ жұмысқа орналасқан жоқ. Осыдан кейін полицияға арыз түсірген
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында мұғалімның вакансиясын сатқан алаяқ келіншек үш жарым жылға сотталды. Ол мектептен жұмыс тауып беремін деп, танысынан ақша алған, деп хабарлайды Astana TV арнасы.
Алаяқ келіншек облыстың кез келген ауданынан мұғалімнің бос орнын тауап беруге уәде берген. Сол үшін 750 мың теңге талап еткен.
Оның алдауына сенген жас маман ақшаны бере салған. Бірақ жұмысқа орналасқан жоқ. Осыдан кейін полицияға арыз түсірген. Қылмыстық іс алаяқтық фактісі бойынша тергелді. Алаяқ келіншек бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
"Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, зардап шеккен қыздан кешірім сұрады. Соттан қатаң жаза бермеуді де өтінді. Оны үш жарым жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды", - дейді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Берік Өтеев.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 190 бабы ("Алаяқтық") бойынша екі немесе одан көп жасалған алаяқтық әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкін тәркілеу шарасы да бар.
Жаңалықтар
0