Толқын Забирова - әнші

"Ұстаздың өзі білімді болуы керек" Толқын Забирова Димаш туралы ойын айтты

7180
(Жаңартылды 20:48 17.02.2019)
Әнші өнердің деңгейі түсіп кеткен мына заманда Димаш секілді жастарды көптеп тәрбиелеу қажеттігін атап өтті

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik, Айгерім Таубай. Үлкеннің де, кішінің де жүрегіне әсем әнімен, әуезді үнімен, өзіне тән стилімен жол тапқан Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры, әнші Толқын Забирова Sputnik тілшісіне өнер мен бүгінгі жастардың мәдениеті жайында және өзі орындайтын әндерді қалай таңдайтыны туралы айтып берді. Көптен бері көгілдір экраннан көрінбей кеткен тұлғаның қай істің басында жүргенін де сұрадық.

– Неге көрінбей кеттіңіз?  Шығармашылыңызда не жаңалық?

– Жақында ғана Арман Дүйсеновтің әніне жазылған "Қалқажан" әні жарыққа шықты. Сол әнге бейнебаян түсірдік. Оны бір ай көлемінде теледидардан көрсетті. Телефон шалып, әнімді сағынған көпшілік жақсы қабылдады. Ән таңдау, өлең таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарап, жақсы әндерді ұзақ таңдаймын. Сондықтан болар әндерім сирек шығады. Үйге келсем, композиторлардың ұсыныстары толып тұрады. Бірақ соның ішінен іліп аларын таппаймын. Өздеріне айтуды ұят көремін, себебі ол да біреудің еңбегі.

Бір әннен соң екіншісін шығарып жататын әншілерге таңғаламын. Ән болған соң оның сапасы болуы керек, берері болуы керек. Ал соған мән бермейтін өнерде жүрген кісілер көп. Содан болар өнердің деңгейі түсіп кетті. Тек өнер адамдары ғана емес, тыңдарман да бұған себепші болып отыр. Соңғы екі әнімнің арасы 3-4 жыл. Онда тұрған түк те жоқ. Біз бір айда бірнеше ән шығарғанға үйреніп қалғанбыз. Мұндай кезде асығыстық жасамау керек. Той-томалақта айтылатын ән деп үсті-үстіне ән шығаруды құптамаймын.

– Жас әншілерге, жастарға жиі сын айтасыз ба?

– Қазіргі жастар сын көтере алмайды. ХХІ ғасырдың жастарын Кеңес одағындағылармен салыстыруға келмейді. Қазір нарықтық экономика заманы. Олар Кеңес дәуірінің идеологиясын көрген жоқ.

Мен одақ кезінде тудым, өстім, оқыдым, білім жинадым. Ол кезде әжелеріміз отырғызып ақыл айтатын. Оны тыңдайтын құлақ та, жүрек те болды. Ал қазіргі жастар өз дегенімен жүреді. Оны көшеден өтіп бара жатып та байқаймын. Топ жігіттің ортасында тұрып қыздардың боқауыз сөз айтқанын естігенде мен ұялып кетемін. Барлығы тәрбиеден. Бала үйде тәрбие көрсе, ертеңгі күні  оқуында да, араласатын ортасына да, кездесетін болашақ жарына да үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Қазір білім саласында жүрмін. Балалардан байқайтыным, ақша табамын деп оқуға да уақыт таба алмай жатады. Оларды да түсінуге болады. Ата-анасына салмақ салмай, өздері оқуының ақысын төлейтіндер де бар. Дәл бүгінгі күні қалтасы ақшаға толса, бір ән шығарып, бір бейнебаян жазып, адам танымай шіреніп кететіндер де бар. Мен сияқты, менімен қатарлы әріптестер өнердің бір кірпішін қалап, өз еңбегімізді сіңірдік. Жастар неге соны білмейді? Тойдың әнін жатқа біліп, орындаушысын ғана таниды.

Той деген жақсы. "Қазақтың тойы бітпесін" деп жүреміз барлығымыз. Алайда рухани жағынан да бай болуымыз керек. Рухымызды асқақтатып, еңсемізді көтеріп, рухани байлық беретін, патриоттық сезімді оятатын әндерді де жастар білуі керек. Мен де өз шәкірттеріме көп оқыңдар деп айтып отырамын.

– Үш жыл жаңа ән шығармағаныңызды айтып қалдыңыз. Осы аралықта тойларға шықтыңыз ба?

– Той әншісі болмасам да, тойда мен де ән айтамын. Халық тек ойнап, билейтін әндерді сұрамайды. Арасында мәдениетті, әдемі әндерді сұрайды. Тәуба деймін, мені тыңдайтын көрерменім бар. Солардың арқасында анда-санда тойда ән саламын. Көңілім толатыны, классикалық шығармаларды орындап беріңізші деп шақырады. Дәл осы әніңізді орындаңызшы деп жатады. Алайда күрделі, әйгілі классикалық шығармаларды біреу тамақ ішіп, біреу шарап ішіп отырған жерде орындаған кезде өзгеше күй кешемін. Екінші жағынан қалың жұрт жиналған жиын-тойда сол әнімді халық сұрап жатса, ол да мәдениеттің бір түрі шығар деп қабылдаймын.

– Гонорарыңыз қанша?

– Мен доллар төмен болған кезде де, орташа, шарықтап  кеткен кезде де бір қалыпты бағаны айтамын. Бай болса, көп сұрап, жағдайы орташа болса, төмен баға айту деген жоқ.

– Қазіргі әншілерден кімді тыңдайсыз?

– Біраз әншіні сырттай танимын. Өнер адамы ретінде оқырманға  ешкімді тыңдамаймын деп айтқаным түрпідей тиюі мүмкін. Десек те менің күн тәртібім, 24 сағат өте тығыз. Оның ішінде отырып үш сағаттап теледидар қарауға мүмкіндік бола бермейді. Десек те "Х фактор" секілді бағдарламаларды қараймын. Не болып жатқанын біліп отырамын.

Шәкірт тәрбиелейтінім жайлы жоғарыда айтып өттім. Сол шәкірттерге бір жаңа ақпаратты беріп, білім беруім үшін менде де білім қоры болу керек. 20 жыл ән айттым, 21-жылы атағымды алдым, 15 жыл еңбек етіп, кандидаттық диссертациямды қорғадым. Оның бәрі еңбекпен келді. Сол секілді тыңдарман іздеп көретіндей әнші болуы үшін еңбек ету керек, ойы кең, білімі терең болуы тиіс.

Досхан Жолжақсынов ағамыздың фильмдері қандай еді? Қайталап көре бергің келетін. Ал бүгінгі отандық  комедия жанрындағы фильмді екінші рет қарай алмаймын. Нақты есімін атап, әншілердің тізімін атамасам да ойымды жеткіздім деп санаймын.

– Димаш Құдайбергенов жайында ойыңызбен бөліссеңіз.

– Димаш – Алланың  берген сыйы. Біз Димаш секілді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Ол үшін тәрбие, білім беретін ұстаздардың өзі білімді болуы керек. Барлығы мәдениет пен өнерге келіп тіреледі. Қазақстанды басқа ел мәдениет пен спорт арқылы таниды. Мұны Елбасы да әр сөзінде айтып жүр. Басқа ел  Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Димаш Құдайберген, Роза Рымбаева арқылы Қазақстанды таниды. Сондықтан жастарымыз ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, өздерін жетілдіріп, білімдерін толықтырып, жаңа дүниелерге ұмтылуы керек.

– Әңгімеңізге рақмет! Шығармашылық табыс тілеймін!

7180
Кілт сөздер:
өнер жұлдыздары, той, әнші, Толқын Забирова, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Майра Ілиясова: Ринат айтыста профессор болсын, ал Димашта жұмысы болмасын
Мұхамедиұлы: Елбасы Димашқа мемлекеттік стипендия тағайындады
Лондондағы жанкүйерлері Димашты ерекше қошеметпен қарсы алды — видео
Джеки Чан Димашты ерекше сыйлық беріп қуантты — сурет
Неке жүзігі

Әнші Динара Қырықбаева отбасындағы жағдай туралы: айтатын уақыт келді

10686
Әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын күйеуіне қатысты сұрақ қоюды жиілеткен. Әнші осы мәселенің басын ашты

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Тұрмысқа шыққалы сахнадан біршама алыстап қалған отандық әнші Динара Қырықбаева отбасы жайлы жазба жариялап, бір жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)

Айтуынша, әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын күйеуіне қатысты сұрақ қоюды жиілеткен.

"Сіздерге айтатын уақыт келді... Біз 5 жыл бірге болдық, үш керемет баламыз бар. Балаларды екеуміз де қатты жақсы көреміз. Бірақ бір жыл бұрын біз ажырасып кеттік", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Қырықбаева бұрынғы күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін, бір-біріне көмектесіп, қолдайтынын айтты. 

"Балаларымыз үшін Әке мен Ана болып қала береміз. Менің де, балалардың да жағдайы жақсы, уайымдамаңыздар", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)

Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылы Олжас есімді азаматқа тұрмысқа шықты. 2016 жылы қызы Айша, 2017 жылы ұлы Бисұлтан, 2019 жылы Айя есімді қызы дүниеге келді.

10686
Кілт сөздер:
отбасы, әнші
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты
Белгілі олигархтың бұрынғы әйелі тағы да тұрмысқа шықты - фото
"Менде барлық дәлел бар": Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасқанын растады
Белгілі тележүргізуші 30 жыл отасқан әйелімен ажырасты
60 джиптен тұратын кортеж: Оралда ер адам әйелінен ажырасқанын атап өткен
қалыңдық

Танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықпақ

8678
Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Танымал актриса және "КаZахи" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Гүлнәр Селбаева қалыңдық атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған, ал Селбаева келісімін берді. Бұл туралы қос ғашықтың Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Актрисаның болашақ жары Жанболат Төлеген - биші, ол "Танцы" және "Биле, Қазақстан" секілді бірнеше жобада бағын сынап көрген болатын. Сондай-ақ қазақстандық әншілердің бейнебаяндарына түсіп, театр сахналарында өнер көрсетіп жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Гүлнәр Селбаева "КаZахи" КВН командасының құрамында ойнап, елге танылды. Бұдан бөлек, ол "Гламур для дур", "Жених на 5 дней", "Я жених" секілді фильмдерге түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

8678
Кілт сөздер:
актриса
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1184
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1184
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы