Концерт

Мейрамбек Бесбаев қазылық ететін бағдарламадан шу шықты

6133
"Жұлдызды жекпе-жек" жобасының қатысушысы "Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Рахмет төңірегінде дау туды

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Желіде әнші Мақсат Рахмет жобада жеңіске жету үшін Мейрамбек Бесбаевқа  жиырма мың доллар берді деген ақпарат тарады. Бұған әнші өзінің Instagram  парақшасында жауап берді, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Әділетсіз болды!" "Жұлдызды жекпе-жек емес, Жұлдызды жемқорлық болды" "Түскі шай ішіп отырып өсек айтатын жер екен" "Бұл жерде Мафия бар" "Мақсаттың негізгі қолдаушысы Мамасарипова" "Алашұлының продюсері Назгүл сатып алды" "Жұлдызды жекпе-жекке свет, звук, лэдті "А+" продюсерлік компаниясы (Алашұлының шаңырағы ғой) қойған екен... Демек..." "Мақсат Мейрамбек ағаға 20.000 доллар беріпті ( финалға шығарып беріңізші деп)" "Бұлар батысты көре алмайды, шеттету үшін әдейі істеген" "Ақшаң болса болды, тақпақ айтып та өтіп кетеді екенсің..." Аааааал, барлығына жауап жазғым кеп отыр... Жылтыңдап, қайта-қайта жазғанша, бір-ақ рет жазайын! Күлкі күнінде адамның күлкісін келтіретін тағы қандай жалаларыңыз бар? (ескертемін! Өтірік жала жабу жақсы нәрсе емес..) #МақсатРахмет

Публикация от 𝕸𝖆𝖖𝖘𝖆𝖙 𝕽𝖆𝖍𝖒𝖊𝖙 (@maqsat_rahmet)

Жұрт танымал әнші жоба жетекшісіне қомақты қаржы беріп, ақтық сынға жетуді көздейді деген пікірлерін жазған. Олар Мақсатты кімнің қолдап отырғанына байланысты да болжам жасапты.

"Әділетсіз болды!", "Жұлдызды жекпе-жек емес, жұлдызды жемқорлық болды", "Бұл жерде мафия бар", "Мақсаттың негізгі қолдаушысы – Мамасәріпова", "Жұлдызды жекпе-жекке жарық, дыбыс пен лэдті "А+" продюсерлік компаниясы (Алашұлының шаңырағы ғой) қойған екен", "Демек, Мақсат Мейрамбек ағаға 20.000 доллар берген (финалға шығарып беріңізші деп)", "Ақшаң болса болды, тақпақ айтып та өтіп кетеді екенсің..." - деп жазады желі пайдаланушылары.

Мақсат Рахмет жоба жетекшісі Мейрамбек Бесбаевқа ақша бергені жайлы сыбысты жала жабу деп бағалап, өзінің парақшасында қысқа жауап қайырды.

"Ал, барлығына жауап жазғым кеп отыр... Жылтыңдап, қайта-қайта жазғанша, бір-ақ рет жазайын! Күлкі күнінде адамның күлкісін келтіретін тағы қандай жалаларыңыз бар? Ескертемін! Өтірік жала жабу жақсы нәрсе емес..", - дейді "Алашұлы" әншісі өз жазбасында.

Айта кетсек, "Жұлдызды жекпе жек" - әр сенбі сайын отандық телеарналардың бірінде шығатын бағдарлама. Онда еліміздің эстрада жұлдыздары өзара бақ сынасады. Басты ереже – әншілер тек табиғи дауыспен ән шырқауы керек.

6133
Кілт сөздер:
жемқорлық, шулы оқиғалар, бағдарлама, Мейрамбек Беспаев
Тақырып бойынша
"Әнші қыздардың бірі": Мақпал Жүнісова бағалы әшекейлерін кім ұрлағанын айтты
"Жексұрын болдым": Танымал әнші құмар ойынға салынып, 200 000$-дан айырылғанын мойындады
"Неге бермеске?" Танымал қазақстандық жас әнші атақтан дәмелі екенін жасырмады
"Қайтем жасырып..." Танымал әнші бес әйелі барын ашық айтты - видео
Шетелдік әнші Димаштың әнін қазақ тілінде шырқап тәнті етті - видео
Неке жүзігі

Әнші Динара Қырықбаева отбасындағы жағдай туралы: айтатын уақыт келді

9765
Әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын күйеуіне қатысты сұрақ қоюды жиілеткен. Әнші осы мәселенің басын ашты

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Тұрмысқа шыққалы сахнадан біршама алыстап қалған отандық әнші Динара Қырықбаева отбасы жайлы жазба жариялап, бір жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)

Айтуынша, әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын күйеуіне қатысты сұрақ қоюды жиілеткен.

"Сіздерге айтатын уақыт келді... Біз 5 жыл бірге болдық, үш керемет баламыз бар. Балаларды екеуміз де қатты жақсы көреміз. Бірақ бір жыл бұрын біз ажырасып кеттік", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Қырықбаева бұрынғы күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін, бір-біріне көмектесіп, қолдайтынын айтты. 

"Балаларымыз үшін Әке мен Ана болып қала береміз. Менің де, балалардың да жағдайы жақсы, уайымдамаңыздар", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)

Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылы Олжас есімді азаматқа тұрмысқа шықты. 2016 жылы қызы Айша, 2017 жылы ұлы Бисұлтан, 2019 жылы Айя есімді қызы дүниеге келді.

9765
Кілт сөздер:
отбасы, әнші
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты
Белгілі олигархтың бұрынғы әйелі тағы да тұрмысқа шықты - фото
"Менде барлық дәлел бар": Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасқанын растады
Белгілі тележүргізуші 30 жыл отасқан әйелімен ажырасты
60 джиптен тұратын кортеж: Оралда ер адам әйелінен ажырасқанын атап өткен
қалыңдық

Танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықпақ

8568
Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Танымал актриса және "КаZахи" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Гүлнәр Селбаева қалыңдық атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған, ал Селбаева келісімін берді. Бұл туралы қос ғашықтың Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Актрисаның болашақ жары Жанболат Төлеген - биші, ол "Танцы" және "Биле, Қазақстан" секілді бірнеше жобада бағын сынап көрген болатын. Сондай-ақ қазақстандық әншілердің бейнебаяндарына түсіп, театр сахналарында өнер көрсетіп жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Гүлнәр Селбаева "КаZахи" КВН командасының құрамында ойнап, елге танылды. Бұдан бөлек, ол "Гламур для дур", "Жених на 5 дней", "Я жених" секілді фильмдерге түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

8568
Кілт сөздер:
актриса
COVID-19 ауруханасы

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау: жемқорлыққа қарсы агенттік түсініктеме берді

0
(Жаңартылды 18:36 22.01.2021)
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте. 

Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

"Тергеу барысында ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі анықталады", - деп нақтылады ол.

Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді. 

"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров. 

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау

18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.

БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. 

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды. 

Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.

 

0
Кілт сөздер:
түсініктеме, жемқорлық, коронавирус