Роза Рымбаева

"Миынан ісік табылды..." Роза Рымбаева сұқбат кезінде жылап қалды

35400
(Жаңартылды 13:29 25.04.2019)
Роза Рымбаева соңғы бес жылда барлық мемлекеттік концерттен шеттетілген. Өйткені жоғарыда әншіні тізімнен сызып тастайтын адамдар бар  

АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Роза Рымбаева өмірінде жылайтын сәттер көп болғанын Talk Like бағдарламасына берген сұқбатында айтты. Бірақ әнші көз жасын халыққа ешқашан көрсетпепті. Себебі оның халыққа керегі жоқ деп санайды.

"Көздің жасы сорғалады"

"Соңғы рет сіңілім қатты ауырды. Басына ота жасалды, миынан ісік табылды. Бір өлімнен қалды. Сол ота жасалып жатқан кезде анам қайтыс болды. Ол кісіні уайым әкетті. Отадан аман шыға ма? Шыққан күннің өзінде төсекке таңылып қалмай ма? Осындай ойлар бәрімізді мазалап жіберді. Тіпті, алдын ала шешіп қойдым. Күйеу балаға өз өміріңді өзің жаса, балаларды өзіме аламын деп айтпақшы болдым. Осындай да ойлар келді. Көздің жасы сорғалады. Құдайдың маған салған тағы бір сынағы шығар деп ойладым", – дейді әнші жанына батқан ауыр кезеңді еске алып.

Тағы оқыңыз: Министрлік Роза Рымбаеваның мәлімдемесіне қатысты жауап берді

Бірақ тағдыр сынын қасқайып қарсы алатын қайсар әнші анасы қайтыс болғанда да жаны қиналып жатқанын сыртқа білдірмепті.

"Ауруханаға жүгірдім. Анам сонда қайтыс болды. Дүйсенбі болатын. 1 сәуір, қар аралас жаңбыр құйып тұр. Жылқы іздеп жүгіргенімді білемін. Себебі дүйсенбіде базар жұмыс істемейді ғой. Ал үйге адамдар көңіл айтуға келіп жатыр. Қайтемін, дұрыстап шығарып салайын анамды деп барлық күш-жігерімді жинап алдым", - дейді Рымбаева.

Арман...

Әрине, өмірдің осындай сындарлы сәтінде сүйеу болатын біреудің жаныңнан табылғаны жақсы ғой. Алайда әнші бұл ретте тек өзіне сенуді жөн көріпті.

"Сені бақытты қыламын. Барлығын алдыңа әкеліп беремін" деп маған сөз салып, ғашық болған адамдар болды. Қазір де бар. Бірақ мен керек қылмадым еркекті. Өйткені өмірімді екі балама арнаймын деп шешім қабылдадым.

Достарым да біреумен жұп қылып қоспақшы болды.

"Роза қашанғы жалғыз жүресің, біреу керек" деп ақыл қосты. Бірақ өмірімнің көбі кетіп, азы қалған шақта балаларыммен бірге болғаным дұрыс емес пе? Менің ойым осы. Немере сүйсем, келіннің қолынан шай ішсем деген арманым бар", - дейді ол.

Тұзақ...

Әнші өз сұқбатында талай рет алаяқтардың да құрбаны болғанын жасырмады.

"Өте үлкен қаржыға алдандым. Ол кісі қазір түрмеде отыр. Алданған жалғыз мен емес, 40 шақты адам", - деп Роза Қуанышқызы оның біреуін мысалға келтірді.

Ол жеке концертін өткізетін кезде қаржыдан қысылып қалатынын да айтты. Ұлы Әлидің Алматыда жеке концертін өткізсе деген арманы да бар екен. Бірақ оған ақша қолбайлау болып тұрған көрінеді.

Әкімдік көмектескен

"Менің жеке бизнесім жоқ. Өнер адамы болғанмен тойларда да көп төбе көрсете бермеймін. Сондықтан қырып тауып жатқан ақшам жоқ. Әсіресе, жеке концертімді беруге келгенде қаржы жағынан қиналамын. Өйткені ол өте көп ақша тұрады.

Тағы оқыңыз: Асхат Садырбай экраннан түспейтін әншілер жұртты жалықтырып жібергенін айтты

3 жыл бұрын әкімдік көрмектесіп, жеке концертімді қойып берді. Одан кейін концертім болған жоқ. Негізінен, мен қазір Әлиге жағдай жасауға тырысамын. Менен гөрі соның концерті өтсе екен деп тілеймін. Өткенде Мәдениет министрлігі Астанада оның концертін ұйымдастырып берді. Енді Алматыда да жасасақ деген арман бар", - дейді әнші.

Роза Рымбаеваны шеттеткен кім?

Роза Қуанышқызын соңғы 5 жылда барлық мемлекеттік концерттен шеттетіп тастапты. Бірақ әнші одан әншілігім кеміп, беделім түсіп жатыр деп ойламайды.

"Себебі қазір маған қатысты көзқарас сондай. Мені тізімнен сызып тастайтын адамдар бар жоғарыда. Бірақ оның кім екенін өз көзіммен көрмеген соң айта алмаймын. Мүмкін жастар шықсын деген мақсат бар шығар. Оған мен қынжылып, қайғырмаймын.

Концертім тек Қазақстан емес, Ресейде, Беларусь, Қырғыз елдерінде, Өзбекстанда, Қытайда өтіп жатыр. Мен тоқтап қалған жоқпын. Мәселе әкімшіліктің қарым-қатынасында емес, халықтың көңілінде. Маған сол әлдеқайда маңызды", - дейді әнші.

"Бізге керек емессің депті"

Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі пікірлерді оқымайтынын айтады, бірақ соның ішінде біреуі құлағына жетіп, жанын ауыртқанын да жасырмады.

"Менің парақшамды директорым Азамат жүргізеді. Ол сол араға қоятын видео мен суреттерді менімен алдын ала келісіп алады.  Білетін шығарсыздар, Беларусь Республикасы президенті Александр Лукашенконың қолынан сыйлық алған кезім бар ғой. Сол кезде біреу жазыпты: "Сен сол Белоруссияда қалсаңшы, бізге керек емессің депті", - дейді ол.

Біреуге сын айтқанды құп көрмейді

Соңғы кездері әнші сынға мүлде жоламаймын деп шешім қабылдапты. 

"Қазір әнінен гөрі өзінің қылықтарымен халықтың назарын өзіне бұратын жұлдыздарымыз да бар. Оның әнін тыңдамайды, мысалы жалаңаш денесін көргісі келеді деген секілді. Ал біз, ең бірінші музыка мен әнімізді көрсетуіміз керек қой. Сол жағынан менің келіспейтін дүниелерім бар. Менің ұстанымым: ешқашан да ешкімге кеңес бермеу керек. Өйткені бір сөзбен адамның сана-сезіміне сілкініс жасай алмайсыз. Тек жеккөрінішті болып қаласың", - дейді Қуанышқызы.

Тағы оқыңыз: Аша Матай "Қалаулымнан" кетуге неге мәжбүр болды?

Сол секілді Роза Рымбаеваның қазіргі продюсерлерге де көп көңілі толмайды екен. Өйткені қазір музыкаға қатысы жоқ адамдар да продюсер болып жүр. Ал ондайлар, әншінің пкірінше, музыка жағынан тәлімгеріне көп білім бере алмайды.

"Егер продюсердің бәрі Тасқын (марқұм күйеуі) секілді дирижер, композитор әрі ұстаз болып, әнге аранжировка жасап, өзі оркестрмен жұмыс істей білсе, керемет қой. Ондайлардан талант өсіп-өніп шықпауы мүмкін емес", - дейді ол.

Әншінің телеарна мен радиолардың қазіргі композиторларды насихаттамайтыны да жанына батады. Оның пікірінше, телеарна мен радиоларға Шәмшіден басқа композитор жоқ.

"Шәмшінің әндері керемет. Түсінемін. Насихаты қалыс қалып жатқан жоқ. Күнде сол. Бірақ басқа композиторлар да бар ғой. Бірақ оларды қоймайды. Кім десеңіз, көп олар. Тек өзіме қатыстысын айтайын мысалы: Еркін Ынтықбаев, Талғат Сарыбаев, Сейдолла Бәйтереков, Дүйсенқан Сыздықов, Болат Боранов, Ринат Ғайсин, Бақытжан Қажымұқанов. Онда да жартысы бұл. Бұл кісілердің насихаты жоқ ", - дейді әнші ашына.

Сұқбат барысында белгілі болғандай, Роза Рымбаеваның үстіндегі көйлектердің ең арзаны 500, ал ең қымбаты 5000 доллар тұрады екен.

 

35400
Кілт сөздер:
әнші, ісік, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
Мейрамбек Бесбаев қазылық ететін бағдарламадан шу шықты
"Неге бермеске?" Танымал қазақстандық жас әнші атақтан дәмелі екенін жасырмады
Майра Ілиясова: Ринат айтыста профессор болсын, ал Димашта жұмысы болмасын
Қазақстандық жұлдыздардың көлігіндегі VIP нөмірлердің бағасы қанша тұрады
"Оның мінезі сондай" Әншілер не үшін ажырасып кеткенін айтты
қалыңдық

Танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықпақ

8016
Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Танымал актриса және "КаZахи" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Гүлнәр Селбаева қалыңдық атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған, ал Селбаева келісімін берді. Бұл туралы қос ғашықтың Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Актрисаның болашақ жары Жанболат Төлеген - биші, ол "Танцы" және "Биле, Қазақстан" секілді бірнеше жобада бағын сынап көрген болатын. Сондай-ақ қазақстандық әншілердің бейнебаяндарына түсіп, театр сахналарында өнер көрсетіп жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Гүлнәр Селбаева "КаZахи" КВН командасының құрамында ойнап, елге танылды. Бұдан бөлек, ол "Гламур для дур", "Жених на 5 дней", "Я жених" секілді фильмдерге түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

8016
Кілт сөздер:
актриса
Әнші Сейфуллин Жолбарыс

Танымал актер Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті

5513
Сақатов әлеуметтік желіде тараған шулы видеоны көргеннен кейін халықтан өнер жұлдызының қылығына кешіріммен қарауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық актер, сатирик Алмат Сақатов басы дауға қалған әнші Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті.

Әртіс Facebook-тен Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосын көрген.

"Баяғыда бір ақсақал ақ қағаздың бетіне кішкене қара нүкте салып,  оқушыларынан не көріп тұрсыңдар деп сұрапты. Оқушылардың бәрі қара нүкте көріп тұрмыз депті. Сонда ақсақал: "өмірде үйреніңдер, сендер мына жерден қара нүктені көреміз деп, үлкен ақ қағазды көрмей тұрсыңдар" деген екен. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан сәл бір сүрінген екен деп жерден алып, жерге салу қажет емес", - деді өнер адамы Instagram-да видео жариялап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сақатов Алмат (@sakatovalmat)

Ол әншінің дүкендегі әрекеті қателік екенін мойындады.

"Әрине, қателік, бірақ жігітті демейтін қасындағы елі, достары ғой. Аман болыңыздар", - деді Сақатов.

Әншінің даулы видеосы

Жуырда әлеуметтік желіде Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен жанжалдасып қалған видеосы тарады. Әнші сатушыға боғауыз сөздер айтқан. Дүкенші жігітті сыртқа шығып, жігітше сөйлесуге шақырған.

Sputnik Қазақстан өнер жұлдызына хабарласып, істің мән-жайын білді.

Әнші дүкендегі әрекеті үшін заң жүзінде жауап беріп жатқанын, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын көрсетпегенін мәлімдеді.

5513
Кілт сөздер:
видео, әнші, актер
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Әнші концертте болған жаппай төбелеске қатысты ойын айтты - видео
"Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады
Қоңыр аю

Аю 50 жастағы әйелге тап берді видео

0
(Жаңартылды 10:58 30.10.2020)
Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп хабарлады РИА Новости.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.  

Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.

Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

0
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, аю
Тақырып бойынша
Көжекке тұтқиылдан қаршыға шабуылдады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео
Буйвол туристердің көлігіне тап беріп, оны мүйізімен көтерді – видео
Лақ бір топ жыртқышқа тойтарыс берді – қызықты видео
Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео