Дильназ Ахмадиеваға тіл тигізген жігіт жауапқа тартылды

© Sputnik / Владислав ВодневДильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы тұрғыны әншінің желідегі парақшасында ұлтаралық алауыздық тудыратын пікірлер жазған

АЛМАТЫ, 17 мамыр — Sputnik. Алматылық жігіт ұлтаралық алауыздық тудыратын әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бұрын тонаушылық үшін сотталған 29 жастағы азамат әнші Дильназ Ахмадиеваның жеке парақшасында ұлтаралық және діни алауыздық тудыратын пікір жазып, әртіске тіл тигізген.

Тағы оқыңыз: Дильназ Ахмадиева неге көлік жүргізбейтінін айтты

Ахмадиева полицияға арыз жазған соң, Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Сот сараптамасы ер адамның қорлап, тіл тигізу сипатында пікірлер жазғандығын растады.

Алматы қаласының полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, ол кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұраған.

Жаңалықтар
0