Жұлдыз Әбдікәрімова

"Маған оны көрсетпеңдер дедім": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы сұраққа жауап берді

11015
Қайрат Нұртастың анасы келін тәрбиелеудің қыр-сыры, отбасы табысын бөлу мен болашақтағы жоспарлары туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik.  Гүлзира Айдарбекова өзінің өмірлік ұстанымы мен отбасындағы келін-бала тәрбиесі туралы ойымен Қарақатпен шай бағдарламасына берген сұқбатында бөлісті.

Қарақат бағдарлама қонағынан келін тәрбиелеудің сыры қандай, он жыл бойы келініңіз Жұлдыз "мен отырып қалдым ғой" деп анасы ретінде сізге өкпе-ренішін айтқан жоқ па? деген сауал қойды.

"Маған оны көрсетпеңдер дедім..."

"Мен тек отбасына емес, бүкіл елге есеп беремін. Сол үшін маған қиын болады. Жұлдызға: "Сен менің артымнан ерген келінсің, өмірімнің жалғасысың, қай кезде болса да, көмегің керек дедім. Ең бастысы, Қайратпен менің көзімше ұрсыспаңдар деп сұрадым. Өз бөлмелеріңде ұрсысыңдар. Маған оны көрсетпеңдер дедім. Менің сол сөзімді Жұлдыз қаншама жылдар бойы орындап келді", - деді Қайраттың анасы.

Бұдан соң жүргізуші Гүлзира Айдарбековадан: "Жұлдыз кәсіби актриса екенін жұртшылыққа дәлелдеді. Өнерді де, өмірді де бірге алып жүруге болады, осы қыздың бағын байладым-ау деген бір әттеген-ай болмай ма?" дегенді де сұрады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

"Жұлдыз еш нәрсе жоғалтқан жоқ деп ойлаймын. Ол кез келген сахнадан, қап-қап алтын мен гауһардан да артық нәрсеге қол жеткізді. Төрт баланы өсіріп жетілдіру деген оңай емес. Менің өзімнің жұлдызым осы қырықтарға жақындағанда ғана жанған шығар. Ол да өзімнің емес, баламның арқасы. Өзімнің армандарым орындалған жоқ. Тележүргізуші болуды армандайтынмын. Құдайдың өзі арманды орындайды екен. Мені балам арқылы халыққа танытты", - деп жауап берді ол.

Келіндерін бөліп жара ма?

Халық Гүлзира Айдарбековаға келіндерін бөліп жарады деген сын айтқан. Ол бұған қатысты өз ойын жеткізді.

"Көбі Әйгерімді неге бөлесіз деп айтады. Мен Әйгерімді де салып отырамын (әлеуметтік желіге), Жұлдыз туралы онсыз да он жыл бойы айтпай келдім. Қалай айтсам да, жарасады ғой",- деді әншінің анасы. 

"Тамақты Қайраттың ақшасына алмаймыз"

Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова үйде табысты қалай бөлетіндерін де жасырмай айтып берді. "Осы уақытқа дейін Қайрат маған осындай ақша бер деп айтып көрген жоқ. Жолдасымыз екеуіміз ол ақшаны өзімізге ғана жаратпаймыз. Оған үй, көлік алу немесе клип, фильм түсіру керек болса, ақшаны бөліп, ыңғайластырып отырамыз. Жолдасым үлкен бизнес жасап жатыр. Астанамызда сауда үйін саламыз", - деп алдағы жоспарларымен бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Оның айтуынша, Қайраттан кейінгі екі ұлы да жеке кәсіппен айналысады. 

"Тамақты Қайраттың ақшасына алмаймыз. Аян әкеледі, үйдің шығынын Заңғар төлейді. Әкесі бауырлары бір-бірімен дүние бөліспесін деп үйретеді. Келіндерді біраз жыл қолымызда ұстайтынымыз да сол", - деді Гүлзира Айдарбекова. 

Тағы оқыңыз: Роза Рымбаева сұқбат кезінде жылап қалды

Қайраттың анасы баласынан басқа Мейрамбек Беспаев, Ұлықпан Жолдасов, Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов пен Қарақаттың әндерін сүйіп тыңдайтынын айтты. Алдағы уақытта немерелері Алау мен Ханға продюсер болуды армандайтынын да жасырмады. 

11015
Кілт сөздер:
келін, Гүлзира Айдарбекова
Тақырып бойынша
"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты
Гүлнұр Оразымбетова егде жастағы күйеуінің қаталдығы туралы шындықты айтты
Актер Асылхан Төлепов отандық кино саласының былығын әшкереледі
Тәуекел Мүсілім өзінің жұмсақ мінезінен теперіш көріп жүргенін айтып берді
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова

Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетті ме әншінің анасы шындықты айтты

2429
(Жаңартылды 11:53 17.06.2021)
Соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті" деген әңгіме тарай бастады

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келініне қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Енді халық болғасын айта береді ғой. Біреудің отбасына килігіп...қажеті жоқ сияқты. Ажырасқан жоқ, бәрі жақсы", - деді Гүлзира Айдарбекова Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті" деген әңгіме тарай бастады. Желі қолданушылары Әбдікәрімованың Қайратпен бірге түскен суретін соңғы рет бір ай бұрын жариялағанын да байқады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Ал Қайрат Нұртас сәуір айында Жұлдызбен бірге түскен суретін шығарды. Сол кезде әнші жұбайын туған күнімен құттықтаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Қайрат пен Жұлдыз Instagram-да бір-біріне қазіргі уақытта жазылмаған. Енесі мен келіні екеуі де бір-бірінің парақшасына жазылмаған.

2429
Кілт сөздер:
Қайрат Нұртас, Жұлдыз Әбдікәрімова, Гүлзира Айдарбекова
Неке жүзігі

Әнші Динара Қырықбаева отбасындағы жағдай туралы: айтатын уақыт келді

10980
Әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын күйеуіне қатысты сұрақ қоюды жиілеткен. Әнші осы мәселенің басын ашты

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Тұрмысқа шыққалы сахнадан біршама алыстап қалған отандық әнші Динара Қырықбаева отбасы жайлы жазба жариялап, бір жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)

Айтуынша, әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын күйеуіне қатысты сұрақ қоюды жиілеткен.

"Сіздерге айтатын уақыт келді... Біз 5 жыл бірге болдық, үш керемет баламыз бар. Балаларды екеуміз де қатты жақсы көреміз. Бірақ бір жыл бұрын біз ажырасып кеттік", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Қырықбаева бұрынғы күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін, бір-біріне көмектесіп, қолдайтынын айтты. 

"Балаларымыз үшін Әке мен Ана болып қала береміз. Менің де, балалардың да жағдайы жақсы, уайымдамаңыздар", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)

Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылы Олжас есімді азаматқа тұрмысқа шықты. 2016 жылы қызы Айша, 2017 жылы ұлы Бисұлтан, 2019 жылы Айя есімді қызы дүниеге келді.

10980
Кілт сөздер:
әнші, отбасы
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты
Белгілі олигархтың бұрынғы әйелі тағы да тұрмысқа шықты - фото
"Менде барлық дәлел бар": Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасқанын растады
Белгілі тележүргізуші 30 жыл отасқан әйелімен ажырасты
60 джиптен тұратын кортеж: Оралда ер адам әйелінен ажырасқанын атап өткен
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0