Микрофон, сахна, фото

"Өзімізге де өкінішті": танымал қазақстандық топтар не үшін тарады видео

1618
АБК, Нұр-Мұқасан, Бәйтерек, Арнау, Домино, 101 және Metis's - халық есінде қалған танымал топтар. Sputnik Қазақстан шығармашылық ұжымдар жайлы мағлұмат ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша– Sputnik, Дәурен Ерболат. Қазақстан эстрадасында жарқ етіп, отандық шоу-бизнестің дамуына үлес қосқан, бірақ кейін тарап кеткен танымал топтар аз емес. Осындай музыкалық ұжымдар жайлы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыздар.

АБК

Топ 1990-шы жылдардың ортасында Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманов, Ерлан Көкеевтің бастамасыман құрылды. Арынбаев қазақстандық журналистерге берген сұқбатында "АБК" тобы алдын-ала жобаланып құрылған топ емес" деген еді.

1996 жылы топ "Тамшылар" әнін жазып, халыққа танылды. Кейін "Қайдасың","Говори о любви мне", "Айсұлу", "Бiр тамшы жас", "Ботақаным" сынды хит әндерді орындады.

Топтың танымалдығына қарамастан алдымен ұжымнан Ерлан Көкеев кетті. Кейін топ тарап кетті. Десек те, трио ерекше ән орындау мәнерімен және сапалы музыка ырғағымен халық жадында қалды.

Қыдырәлі Болманов топ тараған соң Рахат Тұрлыханов, Қарақат Әбілдина сынды әншілердің продюсері болды. Бұған қоса, "Ұлытау" тобының негізін қалады. Кейін Қарақатқа үйленіп, 4 ұл мен 1 қыздың әкесі атанды. Қазір жеке кәсібі бар.

Ерлан Көкеев "К-7" тобын құрды. Әнші мұнда да жемісті еңбек етті. Бүгінде Көкеевтің жеке мейрамханасы бар, музыка саласында еңбектеніп жүр. Жұбайы Анармен бірге 3 қыз бен 1 ұл тәрбиелеп отыр. Ал Медеу Арынбаев - еліміздің құрметті әншілерінің бірі. Ол да отандық шоу-бизнестің дамуына өз үлесін қосып келеді. Арынбаев екі баланы өсіріп отыр.

Нұр-Мұқасан

Әншілер шығармашылық жолын 1990-шы жылдардың басында "Бауыржан-шоу" театрынан бастады. Бірі - салмақты, сырбаз азамат болса, екіншісі - қастары қосылған сымбатты жігіт. Бұл топтың "Махаббат мәңгі ертегі", "Құдаша қыз", "Не пайда", "Бақытыңды жырлайды", "Іздеймін сені", "Неткен өмір" секілді әндерін халық ерекше ықыласпен қабылдады.

"Нұр-Мұқасан" дуэті 25 жыл бойы жұптары жазылмай сахнада өнер көрсетті. Әншілер 2015 жылы айтулы датаны атап өтіп, жеке кештерін өткізбекші болған. Бұл туралы Нұрлан Қонысбаев қазақстандық журналистерге берген сұқбатында айтқан еді.

Алайда бір жылдан соң "Нұр-Мұқасан" тобы тарап кетті. Бұны Мұқасан Шахзадаев растады. Ол соңғы кездері жеке шығармашылығына көңіл бөліп жүргенін ашық айтты. Ал "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында топтың тарауы әншілердің жеке мәселесі екенін атап өтті.

"Біріншіден, халыққа рақмет айтамын. Олар "Нұр-Мұқасан" тобын іздеп, оның қайта бірігуін қалайды. Дегенмен бұл өмір. Топтың тарағаны өзімізге де өкінішті. Бұның себебін жариялаудың қажеті жоқ деп санаймын. Бұл Нұрлан екеуміздің арамыздағы дүние", - дейді Шахзадаев.

Бәйтерек

2000-шы жылдары қазақ эстрадасында жарқ еткен топтың бірі – Бәйтерек". Оның құрамында Ерлан Малаев, Нұркен Өтеуілов, Сайлау Қамиев өнер көрсетті.

Әншілердің негізгі мамандығы актер болғанына қарамастан олардың орындауындағы "Ханшайым", "Сен" әндерін халық жылы қабылдады. Олар осы күнге дейін қазақстандықтардың сүйікті туындыларының қатарында. Ал қазір әншілер актер ретінде еңбек етіп жүр.

Домино

Топтың негізі 2005 жылы қаланды. Оның құрамында Шолпан Бейсенова, Закир Егембердиев және Антон Фост өнер көрсетті.

Олардың "Айым-ай" әнін халық жақсы қабылдады. Кейін трио белгісіз себептерге байланысты сахнадан көрінбей кетті. Ал 2012 жылы "Пилот" тобының бұрынғы мүшесі Дәурен Байназаров "Доминоның" музыкалық продюсері болды. Ол "Капелька яда", "Лови дыхание мое" әндерін жазды.

Топтың жұмысы жандана бастағандай көрінген, алайда бір жылдан соң ұжымнан Антон Фост кетті. Закир Егембердиев бүгінде онымен байланысу қиын дейді. Дегенмен ол Антонның үйленгенін, Алматыда тұратынын жеткізді.

101

Топ Тараз қаласында құрылды. Алғашында оның құрамында Иван Бреусов, Уәлижан Ишанқұлов, Станислав Ли, Владимир Хан, Ербол Жайлауов, Асхат Телібаев пен Андрей Малышев сынды әншілер өнер көрсетті.

Жігіттер 2000 жылы Алматыға қоныс аударды. Ал бір жылдан соң продюсер Эрик Тастембековпен танысты. Нәтижесінде "101" еліміздегі ең танымал топтардың біріне айналды. Ал "Сердце под прицелом", "Дай мне время" қазақстандықтардың сүйіп тыңдайтын әндері болды.

2004 жылы топтың мүшесі Иван Бреусов Ресейдегі ең танымал "Фабрика звезд-4" тележобасына қатысып, "101"-дегі жұмысын жалғастыра берді.

Уақыт өте топ шығармашылық тоқырауға ұшырағандай болды. Тыңдармандарын да жаңа әнмен қуанта алмады. Ал Иван Бреусов жеке ән айтып, бірнеше бейнебаян түсірді.

Metis's

Шығармашылық ұжым 2006 жылы жұмысын бастады. Топта Руслан Седьмой, Валерий Задарновский, Айза Галиева өнер көрсетті. Олардың "Выше руки", "Звон бокалов" әндерін тыңдармандар жоғары бағалады.

Сондай-ақ, музыкалық топ Ақан Сатаевтың "Рэкетир" фильміне саундтрек жазды. Кейін Metis's тобы тарап кетті.

Арнау

Топтың негізі 2000-шы жылдары қаланды. SuperStar жобасы аяқталған соң Нұржан Керменбаев пен Жанар Хамитова "Арнау" құрамында өнер көрсетті. Олардың "Сенен басқа", "Астана менің махаббатым" әндерін тыңдармандар сүйіп тыңдады.

Кейін Керменбаев пен Хамитова көңіл жарастырды. Алайда жұлдызды жұп көп ұзамай айырылысып кетті. Топтағы Жанардың орнын Салтанат Бақаева басты. Биыл Жанар Хамитова қайтыс болды. Кейбір болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған.

Нұржан мен Салтанат жемісті еңбек етіп, "Егіз лебіз", "Адалдық", "Аңсарым сен", "Сүйе берем", "Махаббат жыры", "Сағындың ба?" әндерін жазды. Алайда 2014 жылы "Арнау" тобы жұмысын тоқтатты.

1618
Кілт сөздер:
шоу-бизнес, эстрада жұлдызы, музыка
Тақырып бойынша
Ертең Жанар Хамитованы ақтық сапарға шығарып салады
"Басына бақ қонды": Қазақстанда қандай әншілер бір әнімен жұлдыз болды?
Жұлдыз болып шыға келді: ақсулық жігіттің хитін әлемде 2,5 млн адам тыңдады
Димаш Құдайберген әлемге әйгілі екі әншімен бірге өнер көрсетті - видео
Апалы-сіңлілі қазақ қызы күтпеген жерден желіде танымал болды – видео
қалыңдық

Танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықпақ

8078
Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Танымал актриса және "КаZахи" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Гүлнәр Селбаева қалыңдық атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған, ал Селбаева келісімін берді. Бұл туралы қос ғашықтың Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Актрисаның болашақ жары Жанболат Төлеген - биші, ол "Танцы" және "Биле, Қазақстан" секілді бірнеше жобада бағын сынап көрген болатын. Сондай-ақ қазақстандық әншілердің бейнебаяндарына түсіп, театр сахналарында өнер көрсетіп жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Гүлнәр Селбаева "КаZахи" КВН командасының құрамында ойнап, елге танылды. Бұдан бөлек, ол "Гламур для дур", "Жених на 5 дней", "Я жених" секілді фильмдерге түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

8078
Кілт сөздер:
актриса
Әнші Сейфуллин Жолбарыс

Танымал актер Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті

5532
Сақатов әлеуметтік желіде тараған шулы видеоны көргеннен кейін халықтан өнер жұлдызының қылығына кешіріммен қарауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық актер, сатирик Алмат Сақатов басы дауға қалған әнші Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті.

Әртіс Facebook-тен Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосын көрген.

"Баяғыда бір ақсақал ақ қағаздың бетіне кішкене қара нүкте салып,  оқушыларынан не көріп тұрсыңдар деп сұрапты. Оқушылардың бәрі қара нүкте көріп тұрмыз депті. Сонда ақсақал: "өмірде үйреніңдер, сендер мына жерден қара нүктені көреміз деп, үлкен ақ қағазды көрмей тұрсыңдар" деген екен. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан сәл бір сүрінген екен деп жерден алып, жерге салу қажет емес", - деді өнер адамы Instagram-да видео жариялап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сақатов Алмат (@sakatovalmat)

Ол әншінің дүкендегі әрекеті қателік екенін мойындады.

"Әрине, қателік, бірақ жігітті демейтін қасындағы елі, достары ғой. Аман болыңыздар", - деді Сақатов.

Әншінің даулы видеосы

Жуырда әлеуметтік желіде Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен жанжалдасып қалған видеосы тарады. Әнші сатушыға боғауыз сөздер айтқан. Дүкенші жігітті сыртқа шығып, жігітше сөйлесуге шақырған.

Sputnik Қазақстан өнер жұлдызына хабарласып, істің мән-жайын білді.

Әнші дүкендегі әрекеті үшін заң жүзінде жауап беріп жатқанын, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын көрсетпегенін мәлімдеді.

5532
Кілт сөздер:
видео, әнші, актер
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Әнші концертте болған жаппай төбелеске қатысты ойын айтты - видео
"Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

0
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

0
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео