Алсу, әнші

"Голос. Дети" жобасындағы жанжал: Алсу дауысты қалай сатып алғанын айтты

576
(Жаңартылды 21:03 19.02.2020)
Өткен жылы қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" тележобасында екінші орын алған болатын. Финалда ол All by Myself-ті орындап, көрерменді тәнті етті

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Ресейлік әнші Алсу "Голос. Дети" тележобасында болған жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Сол кезде оның қызы бірінші орын алса, қазақстандық әнші Ержан Максим екінші орыннан көрінген болатын.

Ксения Собчакқа берген сұхбатында Алсу "Голос. Дети" тележобасында болған дауыс беру жүйесінің олқылығына тоқталды.

"Шоудың ережесі бойынша әрбір адам 20 рет дауыс бере алады. Бұл дегеніміз, адам жағдайына қарай дауыс береді. Шын мәнінде, бұл – әділетсіздік. Ұйымдастырушылардың осы әдісті әділетсіз деп танып, ережені өзгерткені дұрыс болды", - дейді Алсу.

Осыдан кейін әнші дауысты сатып алғанын ашық айтты. Ол екі телефонмен дауыс берген. Сөйтіп, Бірінші арнаның ережесімен бекітілген барлық 40 SMS –ты пайдаланған.

"Иә, дауыстарды сатып алғанымды мойындаймын. Мен Бірінші арнаның ережесімен рұқсат етілген дауыстардың көлемін сатып алдым. Бәрі солай істеді ғой. Ақшасыз дауыс беру мүмкін болмады. Оны Нагиев де үнемі еске салып отырды. "Сатып алыңдар, сатып алыңдар, бұл – балаларға жасалатын көмек" деп айтты. Менде екі телефон, өз басым 40 SMS сатып алдым", - деп атап көрсетті әнші.

Ержан Максимнің жетістігі

Өткен жылы қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" тележобасында екінші орын алған болатын. Финалда ол Димаш Құдайберген айтып жүрген "All by Myself-ті" орындап, көрермендерді тәнті етті.

Меладзенің командасындағы үш баланың ішінде суырылып алға шығып, финалдың екінші кезеңіне өткен Ержан Димаштың репертуарындағы тағы бір өте күрделі ән - "Adagio-ны" орындады.

Жанжал қалай басталды?

"Бірінші арнаның" тікелей эфирінде өткен байқаудың жеңімпазы көрермендердің дауыс беруі бойынша анықталды. Ережеге сәйкес, тек Ресей тұрғындары ғана дауыс берді.

Сөйтіп, "Голос. Дети" жобасында 10 жастағы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Микелла - белгілі ресейлік әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы.

Бірақ көрермендер байқауда әділетсіздік болғанын жарыса жазды. Олар нағыз жеңімпаз Ержан екенін айтып, оған қолдау білдірді. "Ақшаға сатып алды", "Ержан, сен жеңдің, көрермендердің сүйіспеншілігін ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың" деген пікірлер көп болды.

Танымал ресейлік шоумен, актер, тележүргізуші Максим Галкин де әділетсіздік болғанын ашық айтты.

View this post on Instagram

A post shared by ЕРЖАН МАКСИМ (@maksim_erjan) on

Әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірін ашық білдірді.

"Голос. Дети"финалы  – дауыс беру нәтижесі

"СМС сервисы" ЖШҚ ұсынған құжатқа қарағанда, жеңіске жеткен Микелла Абрамова SMS 109 мың 23, сондай-ақ телефон қоңыраулары жүйесі арқылы 36 428 дауыс алған. Ол жинаған дауыстың жалпы саны – 145 451.

Қазақстандық Ержан Максим SMS арқылы 62 667, ал телефон қоңыраулары арқылы 2 168 дауыс алған. 
Жартылай финал мен финал бір күнде өткен, дауыс хаттамасында соңғы кезең жеке белгіленбеген.

Микелла арнайы финалға келмеді

Жанжалдан кейін ұйымдастырушылар "Голос. Дети" тележобасының арнайы шығарылымын өткізуді ұйғарды. Сол жерде Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст финалистердің бәрі жеңімпаз болғанын мәлімдеді. Барлығына бір миллион рубльден табысталды.

Алайда жобаның арнайы шығарылымына Микелла Абрамова келген жоқ. Бірінші арнаның басшылығы "Голос. Дети" жобасының алтыншы финалында болған нәтижені жою туралы шешім қабылдады. Себебі тексеріс кезінде Абрамованың атына жазылған дауыстардың қолдан көбейтілгені анықталды.

576
Кілт сөздер:
дауыс, жанжал, жоба, әнші
Тақырып бойынша
Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты
Ержан Максимнің анасы Тасмағамбетов баласына қандай ақыл бергенін айтты
Ержан Максим Назарбаев пен Тоқаевтың алдында алғаш рет ән айтты – видео
Ержан Максим: Димаш ағама "спасибо" деп жіберіппін, ескерту жасады  
Ержан Максим ресейлік байқауда ән айтып жатқан кезде стақан сынып кетті - видео
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова

Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетті ме әншінің анасы шындықты айтты

2425
(Жаңартылды 11:53 17.06.2021)
Соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті" деген әңгіме тарай бастады

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келініне қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Енді халық болғасын айта береді ғой. Біреудің отбасына килігіп...қажеті жоқ сияқты. Ажырасқан жоқ, бәрі жақсы", - деді Гүлзира Айдарбекова Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті" деген әңгіме тарай бастады. Желі қолданушылары Әбдікәрімованың Қайратпен бірге түскен суретін соңғы рет бір ай бұрын жариялағанын да байқады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Ал Қайрат Нұртас сәуір айында Жұлдызбен бірге түскен суретін шығарды. Сол кезде әнші жұбайын туған күнімен құттықтаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Қайрат пен Жұлдыз Instagram-да бір-біріне қазіргі уақытта жазылмаған. Енесі мен келіні екеуі де бір-бірінің парақшасына жазылмаған.

2425
Кілт сөздер:
Гүлзира Айдарбекова, Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Нұртас
Неке жүзігі

Әнші Динара Қырықбаева отбасындағы жағдай туралы: айтатын уақыт келді

10976
Әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын күйеуіне қатысты сұрақ қоюды жиілеткен. Әнші осы мәселенің басын ашты

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Тұрмысқа шыққалы сахнадан біршама алыстап қалған отандық әнші Динара Қырықбаева отбасы жайлы жазба жариялап, бір жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)

Айтуынша, әлеуметтік желідегі оқырмандары күн сайын күйеуіне қатысты сұрақ қоюды жиілеткен.

"Сіздерге айтатын уақыт келді... Біз 5 жыл бірге болдық, үш керемет баламыз бар. Балаларды екеуміз де қатты жақсы көреміз. Бірақ бір жыл бұрын біз ажырасып кеттік", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Қырықбаева бұрынғы күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін, бір-біріне көмектесіп, қолдайтынын айтты. 

"Балаларымыз үшін Әке мен Ана болып қала береміз. Менің де, балалардың да жағдайы жақсы, уайымдамаңыздар", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Динара Қырықбаева (@kyrykbayeva)

Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылы Олжас есімді азаматқа тұрмысқа шықты. 2016 жылы қызы Айша, 2017 жылы ұлы Бисұлтан, 2019 жылы Айя есімді қызы дүниеге келді.

10976
Кілт сөздер:
отбасы, әнші
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты
Белгілі олигархтың бұрынғы әйелі тағы да тұрмысқа шықты - фото
"Менде барлық дәлел бар": Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасқанын растады
Белгілі тележүргізуші 30 жыл отасқан әйелімен ажырасты
60 джиптен тұратын кортеж: Оралда ер адам әйелінен ажырасқанын атап өткен
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

97
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

97
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы