Әнші Сейфуллин Жолбарыс

Танымал актер Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті

5513
Сақатов әлеуметтік желіде тараған шулы видеоны көргеннен кейін халықтан өнер жұлдызының қылығына кешіріммен қарауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық актер, сатирик Алмат Сақатов басы дауға қалған әнші Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті.

Әртіс Facebook-тен Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосын көрген.

"Баяғыда бір ақсақал ақ қағаздың бетіне кішкене қара нүкте салып,  оқушыларынан не көріп тұрсыңдар деп сұрапты. Оқушылардың бәрі қара нүкте көріп тұрмыз депті. Сонда ақсақал: "өмірде үйреніңдер, сендер мына жерден қара нүктені көреміз деп, үлкен ақ қағазды көрмей тұрсыңдар" деген екен. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан сәл бір сүрінген екен деп жерден алып, жерге салу қажет емес", - деді өнер адамы Instagram-да видео жариялап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сақатов Алмат (@sakatovalmat)

Ол әншінің дүкендегі әрекеті қателік екенін мойындады.

"Әрине, қателік, бірақ жігітті демейтін қасындағы елі, достары ғой. Аман болыңыздар", - деді Сақатов.

Әншінің даулы видеосы

Жуырда әлеуметтік желіде Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен жанжалдасып қалған видеосы тарады. Әнші сатушыға боғауыз сөздер айтқан. Дүкенші жігітті сыртқа шығып, жігітше сөйлесуге шақырған.

Sputnik Қазақстан өнер жұлдызына хабарласып, істің мән-жайын білді.

Әнші дүкендегі әрекеті үшін заң жүзінде жауап беріп жатқанын, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын көрсетпегенін мәлімдеді.

5513
Кілт сөздер:
видео, әнші, актер
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Әнші концертте болған жаппай төбелеске қатысты ойын айтты - видео
"Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады
қалыңдық

Танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықпақ

8014
Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Танымал актриса және "КаZахи" КВН командасының бұрынғы ойыншысы Гүлнәр Селбаева қалыңдық атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші тамызда актрисаның сүйіктісі Жанболат Төлеген оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған, ал Селбаева келісімін берді. Бұл туралы қос ғашықтың Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Актрисаның болашақ жары Жанболат Төлеген - биші, ол "Танцы" және "Биле, Қазақстан" секілді бірнеше жобада бағын сынап көрген болатын. Сондай-ақ қазақстандық әншілердің бейнебаяндарына түсіп, театр сахналарында өнер көрсетіп жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

Гүлнәр Селбаева "КаZахи" КВН командасының құрамында ойнап, елге танылды. Бұдан бөлек, ол "Гламур для дур", "Жених на 5 дней", "Я жених" секілді фильмдерге түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jan Tolegen (@zhanbolat_jackie)

8014
Кілт сөздер:
актриса
Микрофон

"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді

1778
(Жаңартылды 21:18 05.04.2020)
Sputnik Қазақстан тілшісі той бизнестің уақытша тоқтауына байланысты кімнің қаржылай қиындыққа тап болғанын біліп көрді

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik, Айгерім Таубай. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты елімізде концерттер мен мәдени іс-шаралар уақытша тоқтатылды. Қазақстандықтарға топ болып жиналуға тыйым салынды, демек той-томалақ та болмайды. Sputnik Қазақстан тілшісі той бизнестің уақытша тоқтауына байланысты кімнің қаржылай қиындыққа тап болғанын біліп көрді.

Балконда ән салып жүр

"Қазақстанда коронавирус жоқ" деп халықты сабырға шақырып, артынша елдің сынына қалған әнші Нұрлан Еспанов карантин кезінде балконға шығып әнұран орындап, Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін шырқап жүргенін айтты.

"Live-концерт беріп жүрміз. Кеше "Еуразия" арнасы, бүгін "Алматы" телеарнасынан хабарласып, видео түсіруімізді сұрап жатыр. Үйде отырып жұмысымызды істеп жатырмыз. Кешке балконға шығып, ауладағы көршілермен қосылып ән айтамыз. Әнұранды, Ескендір ағамыздың "Атамекен" әнін орындаймыз. Көршілерім мені біледі, мен тұратын кіреберіске қарап айқайлайды. Содан түнімен концерт береміз", - дейді Еспанов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нурлан Еспанов (@espanov_n)

Әншілердің басым бөлігі тойға шығып, табыс табатыны ешкімге жасырын емес. Ал соңғы жағдайға байланысты елімізде той тоқтап тұр. Өнер адамында қаржылық қиындық бар ма, оны да сұрадық.

"Бізді кішкене қинайтыны қаражат жағы, себебі қазір сұраныс жоқ. Үйде отырыңдар деген соң 19 наурыздан бастап ешқайда шыққан жоқпыз. Бізде басқа жұмыс жоқ. Студияға барып, ән жазайын десек, ол жақ та жабық тұр. Ал бізге тапсырыс беретін кісілер студияға келуі керек, ал қазір үйден шығуға болмайды. Біз қазір түгел тоқтап тұрмыз. Осындай сәтте қаржылық жағынан көмектесіп жатқан достарымыз аман болсын", - дейді әнші.

Аванс қайтарылмайды

Нұрлан Еспанов өзінің тұрақты жұмысы жоқ екенін айтты. Алдағы уақытта жақсы ұсыныс түссе, мемлекеттік қызметке орналасуға дайын.

"Осыған дейін көп жыл Шымкентте мемлекеттік қызметте болдым. Кейінгі жылдары да ұсыныстар түсіп жатыр. Жасымыз болса келіп тұр, мемлекеттік қызметке жақсы ұсыныс түссе, қабылдаймын. Композитор ретінде жұмысым көп. Мультфильмге, киноға, әншілерге ән жазамын. Телеарналардан тапсырыс түседі", - дейді Еспанов.

Айтуынша, той иелерінен ол да алдын-ала ақша сұрамайды. Себебі таныстары мен жақындарының тойларына барады.

"Мен көп жағдайда достарымның, жақындарымның тойына барамын. Алдын ала ақша алмаймын, сол тойда бергенін аламын. Ал беріп қойған күннің өзінде аванс қайтарылмайды. Кейін той жасаған кезде сол тойға барады ғой. Мен аванс алмаймын, соңы дауға айналатынын білемін", – дейді ол.

Еспанов әріптестерінің арасында қаржылық қиындық көріп жүрген өнер адамдарының бар екенін айтты. Тіпті кредиті бар әншілер ақыл-кеңес сұраған.

"Қандай әнші болсаң да, айналып баратын жерің той. Қиналып жатқан азаматтарды естіп жатырмыз. Әншілердің ішінде кредиті барларға қиын. Маған "Нұреке, не істесем болады" деп хабарласты. Жеңілдіктер болады деп жатыр ғой, күтеміз", - деді Еспанов.

Мен халықпен біргемін!

Сонымен қатар Еспанов біраз талқыға түскен видеосы жайлы да айтты. Айтуынша, әнші халықты сабырға шақыруға тырысқан, алайда бәзбіреулер әншінің ойын дұрыс түсінбеген.

"Магнумға келіншегім барған кезде "мынаны қарашы" деп дүкендегі халықтың дүрбелеңге салынып жатқанын түсіріп жіберді. Мен халыққа "уайымдамаңдар, үкімет барлығыңа азық-түлік жетеді деп айтты" деп басу айттым. Ал оны басқаша түсініп қалды. Оны айтқан кезімде коронавирус біздің елімізге келмеген болатын. Мен халықпен біргемін, Алматыдамын. Ешқайда кетіп қалған жоқпын", - деді ол.

"Бірнеше ай жұмыссыз отыруға қаражаты жетеді"

Ал әнші Майра Ілиясова карантин кезінде үйде отырғанын, жобаларын онлайн форматта өткізіп жатқанын айтты. Айтуынша, елімізде көп әншінің бірнеше ай жұмыссыз отыруға қаражаты жетеді.

"Біз секілді орнығып қалған, қоры бар әншілерге,әрине, бір-екі ай үйде отыру қиын емес. Бізде тек тойға баратын, жұмысқа орналаспағандар да бар. Тек тойға шығып, нәпақасын тауып жүрген жас әншілерге қиын. Маған ешкім тани қоймаған, күнделікті табысын тойдан тауып отырған әнші хабарласты. Қаржылай қиналып қалғанын айтты. Оларды үйде отырып, қиналып қалғанын сезіп, біліп, аяп отырмыз", - дейді Ілиясова.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Майра Ілиясова тек тойға шығып, нәпақа тауып жүрген жас әншілерге қиын екенін айтты

Сонымен қатар әнші төтенше жағдайға байланысты уақытша тоқтаған жобалары жайлы айтты.

"Қазақстанның әрбір азаматы секілді жауапкершілікті сезініп, үйде отырмыз. Телеарналар онлайн форматта ән сұраса, оны да жіберіп жатырмыз. Мамырдың 10-ы мен 20-сы аралығында астана мен Алматыда "Жұлдыз болғың келсе" деген республикалық байқауым өтуі керек болатын. Соның бәрін тоқтатып қоюға тура келді", - дейді ол.

Сонымен қатар әнші наурызда Маңғыстау облысында екі концерттің болмағанын айтты. Ұйымдастырушылар алдын ала төленген қаражат пен ұшақтың ақшасын сұрамаған. Кейін тағы шақырса, біз баруға дайынбыз, дейді әнші.

"Сағындырған әндер-ай" концерті бірінші мамырда астанада өтуі керек еді. Мен концерт өткізетін сарайға алдын ала ақша төлеген жоқпын, сондықтан шығын жоқ. Барлық концертті күзге ауыстырып отырмыз, әрине, әлі қай күні болатыны нақты белгіленген жоқ. Елдегі жағдайға қараймыз", - дейді Ілиясова.

15 миллион теңге шығын

Төтенше жағдай тек әншілерге ғана емес, асабаларға да әжептәуір әсер еткені сөзсіз. "Қымбат асаба болу жолдарын" үйретіп жүрген ұйымдастырушы әрі асаба Руслан Ысқақов 15 миллион теңге шығын көргенін айтты.

"Карантин енгізілгеннен бері 8-10 той кейінге шегерілді, төрт-бесеуі тіпті болмайтын болып, үйдің ішінде кішігірім отырыс болып өтті. Біз үшін, ұйымдатсырушылар үшін 15-20 миллион теңге шығын келді. Авансты қайтаруда әлі де қиындықтар бар. Көп той иесі алты ай бұрын, тіпті сегіз ай бұрын аванс берген. Ол қаражат айналымға түсіп кетті, жұмсалып кетті. Қаржыны ешкім қайтарамын деген оймен алмайды, аванс деген негізі қайтарылмайды. Бірақ осындай түсініксіз жағдайда қайтаруымызға тура келіп тұр. Қазір соның жолдарын ойластырып жатырмыз", - деп түсіндірді асаба.

Айтуынша, той ұйымдастырушы мен той иесі арасында келісімшарт бар. Алайда оның ішінде карантин болады деген бөлім жоқ. Кейде той иелері асабаның көп жылдық тәжірибесіне сеніп, келісімшарт жасамайтын көрінеді.

"Келісімшартта табиғи апат, қайғылы жағдай ескерілген. Наурыз бен сәуірдегі тойдың бәрі күзге шегеріліп жатыр. Ол кезде де біздің тойымыз бар, күндердің сәйкес келмеуі мүмкін. Қалай болатыны әзірге белгісіз. Елге, халыққа, мәселенің шешілуіне қарап отырмыз", - деді ол.

Әншілердің жинаған қаражаты бар

Сондай-ақ, Руслан Ысқақов той саласында тек әнші мен асаба емес, одан бөлек мыңдаған адам уақытша жұмыссыз қалғанын айтады.

"Той саласында біз әншілерді ғана байқаймыз. Өнерпаздар мен асабалардан бөлек тойдан нанын жеп отырған мыңдаған адам бар. Бишілер, музыканттар, аспап иелері, сахна мен залды безендіру, техника жауап беретін мамандар бар. Олар да қиын жағдайда", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

АСАБАЛАР ҮШІН #11 ⠀ Қайырлы кеш! “Асабалар үшін” айдарының бүгінгі жазбасында сіздерге импровизация туралы айтпақпын. ⠀ ❗️жазбаны оқымас бұрын, сақтап ал❗️ ⠀ Импровизация әр шоуменнің бойынан міндетті түрде табылуы керек. Негізі импровизацияны тек қажет жағдайларда қолдана білген дұрыс. Тойға тапсырыс алып, импровизацияның арқасында өткіземін деген ойдан аулақ болыңыз✖️ ⠀ Импровизацияны кез келген түсініксіз, ыңғайсыз жағдайдан тапқырлықпен шығып кету үшін орынды қолдана білу керек. ⠀ Асабаның бойындағы импровизацияны дамыту үшін мына жаттығуларды аптасына ең кемінде 1 рет жасап тұрыңыз: ⠀ ✅ Айнаға қарап, 1 минут бойы тоқтаусыз сөйлеңіз. Егер бұл жаттығу сізге тым оңай болса, онда 1 минут бойы бірдей әріптен басталатын сөздермен тоқтаусыз сөйлем құраңыз ⠀ ✅ Бір-біріне ұқсамайтын, кез келген екі затты ойлаңыз. Енді 3 минуттың ішінде сол екі заттың ең кемінде 5 ұқсастығын табыңыз ⠀ Осы жаттығуларды аптасына кемінде 1 реттен жасап тұрсаңыз, санаңыздағы импровизация деңгейін сөзсіз өсіресіз. ⠀ Айтпақшы, осы жаттығулардың толық комплексін өз курсымда айтатын боламын. Сондықтан, қапы қалмаңыз🙌🏻 ⠀ #RuslanIskakov #халықүшін

Публикация от РУСЛАН ИСКАКОВ |ВЕДУЩИЙ ШОУМЕН (@iskakov_showman)

Асабаның айтуынша, еліміздегі әншілердің 60-70 проценті тойға шығады, ал гонорары жоғары әншілер үшін карантин демалыспен тең.

"Біз көбіне танымал әртістермен жұмыс істейміз. Ал танымал әншілердің жинап қойған қаражаты бар. Тіпті арасында жеке кәсіппен айналысатындары да бар. Кәсібі жоқ, бірыңғай тойда жүрген әншілер де қиналып жатыр деп айта алмаймын. Орта деңгейдегі, арзандау тойда жүрген, сұранысқа қатты ие емес әртістер үшін өте қиын жағдай. Жалпы алғанда, әншілердің 60-70%-і қиын жағдайда, ал Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан секілді қымбат әншілер үшін карантин жай демалыс", - дейді Ысқақов.

1778
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Майра Ілиясова: Ринат айтыста профессор болсын, ал Димашта жұмысы болмасын
Төреғали еліміздің Бас мүфтиіне ұлының атын азан шақыртып қойдыртты - видео
"Миынан ісік табылды..." Роза Рымбаева сұқбат кезінде жылап қалды
Димашқа бақталас болмақ: Төреғали Төреәлі Қытайдағы жоспары туралы айтты
Ерке Есмахан "Қайданы" 9-сынып оқушысынан қалай алды?
Иллюстративті фото

Brent мұнайының бағасы 40 доллардан төмендеді

0
Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 39,97 долларға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Brent мұнайының бағасы едәуір төмендеді, оған сауда-саттық мәліметтері дәлел.

РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті.  

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 процентке – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 процентке, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді 

Еске сала кетейік, мұнай бағасының арзандауына байланысты, сәрсенбіде Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 430,51 теңгеге дейін әлсіреді.

Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов бұған дейін ұлттық валютаның айырбас бағамы туралы түсініктеме берген болатын.

0
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Тақырып бойынша
Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
2021 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша болады
"Инфляциядан төмен болады": депутаттар республикалық бюджеттің шикі тұстарын атады