Қоғам

Жақып Асанов: кітап оқыңыздар да, адамша жауап беріңіздер

© Photo : Генеральная прокуратура Республики КазахстанЖақып Асанов
Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақып Асановтың бас прокурор қызметіне келгеніне бір жыл толмаса да, уытты сөздерімен есте қалды.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Бейсенбі күні Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов халық алдында сөз сөйлеп, қара ниетті салушылардан үй сатып алмауды ескертпекші: қадағалау органы басшысының  осыған дейін де айтқан сөздері ерекше есте қалады, солардың бірқатарын Sputnik агенттігінің осы материалында ұсынамыз.

Үсеновтің үш қарағайы

"Халыққа дұрыстап түсіндіре алмадық. Сол себепті әлеуметтік желілерде осындай әңгіме тарады. Қарапайым тілмен түсіндіру керек болатын – Үсенов төрт құқықбұзушылық жасады: біреуі қылмыстық және үшеуі әкімшілік. Бұқара халық осы үш қарағайдың арасында адасып қалды", — деді Асанов дөңгелек үстел басында.

"Үсенов несімен ерекше? Үсеновтен соң, парламенттен бастап бәрі ойланып, заң қабылдады. Егер қылмыс кісі өлтіруге қатысты болса, ешқандай татуласу болмауы тиіс. Содан бері мұндай қылмыстық құқықбұзушылықта бітімге келіп, татуласу деген жоқ", — дейді ол. Бас прокуратура басшысының бәрінен де жанына батқаны шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлердің өз ойын халыққа дұрыс жеткізе алмауы болса керек, себебі шілде айындағы ведомство коллегиясында ол өз қол астындағылардан кітап оқып, өздерін-өзі дамытуды талап етті.

Гандапас – бас прокурормен кешкі асқа билет

"Әрбір прокурор, өскісі келсе, қазіргі заманғы менеджмент технологияларын білуі тиіс. Кітап оқыңыздар, бір қатарын атап өтейін: Стивен Кови "Өте тиімді жандардың жеті қабілеті". Барлық прокурорлар осыны оқығаны жөн. Мұны оқып, өзгеретіндеріңізге, айналаға басқа көзқараспен қарайтындарыңызға сенімдімін", — деді сонда Асанов. Сол кезде оқуға кеңес берген кітаптардың арасында Радислав Гандапастың "Шешенге 101 кеңес" кітабы да болған еді. 

"Аса мәнерлеп сөйлеу, құрағақ сөздер, ешкімге түсініксіз тіл. Жұрт біздің жауабымызды ұқпайды. Түсінбегендіктен БАҚ-на, халықаралық ұйымдарға барады. Мұны қалай түзетеміз? Адамша жауап беруге тиіспіз. Оқымаған адамның өзі де бізді түсінуі керек", — деп сөзін негіздеді Асанов.

Штаттың жартысы еркін бизнес үшін!

"Кітапқұмар" бас прокурордың қолынан ештеңе келмейді дейтіндер болса, қадағалау ведомствосының мемлекеттік органдар мен бизнес туралы соңғы қазан коллегиясына назар аударсын. Бір апта бұрын Асанов бәрімізге бірнәрсені ұқтырды: кәсіпорындардың дамуын тежейтін болса, мемлекеттік орган штатының жартысын таратып жіберуде тұрған түк те жоқ. 

"Осының артында кімнің тұрғанын, шынайы батырлардың кім екенін білуміз керек, — деді ол шенеуніктердің бизнестегі шорқақтықтары туралы баяндама оқыған орынбасары Марат Ахметжановқа. – Келесі жолы нақты кімдер екенін білгім келеді.  Мәселенің анық-қанығын шешіп алайық. Тексеру нәтижесінде, штаттың жартысы жұмыстан шығып қалса да, ештеңе етпейді – керісінше басқаларына сабақ болсын! Әр адамды жауапқа тартпасақ, ештеңеге қол жеткізбейміз", — дейді бас прокурор.

Ал, осы материалды дайындар алдында бас прокурордың Қарағанды облысы және Теміртау қадағалау органдарының бірқатар жетекшілерін қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойғандығы белгілі болды. 

Сол себепті, Исаак Бабельдің сөзімен айтар болсақ, бас прокурордың "сөзі көп болса да, мірдің оғындай: бірдеңе сөйлесе, тағы да айтса екен деп отырасың". Оның үстіне, өз сөзін іс жүзінде дәлелдейтін болса… 

Жаңалықтар
0