Қоғам

Суицид үрдісі: әңгімелестік - болды ма?

© Sputnik / Жоомарт УраимовСуицид
Суицид - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде "өлім топтары" кеңінен тарап кетті. Олардың ықпалынан балаларды қалай қорғауға болады, мұндай парақшаларды мемлекеттік органдар бұғаттай ма – Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыздар

АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Әсем Миржекеева. Қазақстандағы тағы бір түйіткілді мәселе жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол салу жайттары болып отыр, оның жандануына Ғаламтор түпкірінен жаңа шығып, жұртты дүрліктірген "өлім топтары" себеп болды. Балаларының ғұмыры үшін алаңдап отырған ата-анаға құрғақ статистика мен болар іс болған соң қабылданатын шаралардың да қажеті шамалы. Кезінде классик қойған сұрақ қазіргі таңда бұрынғыдан бетер өзекті: не істеу керек?

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтардың ат-көпір екендігі бәрімізге аян. Прокуратура органдары жыл сайын мұндай аккаунттардың жабылып жатқандығы туралы есеп бергенімен, жаңа парақшалар ашылуда. Бұл жолы да солай болды.

Наталья Обердерфер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Психолог: ата-аналардың "өлім топтарына" қатысты дүрлікпе зиян тигізуі мүмкін

Sputnik Қазақстан баспасөз орталығындағы диалогтік алаңқайға ата-аналар қауымдастығы, Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің өкілдері шақырылды. 

Алайда, соңғы аталған өкілдер жоспарлы мерзім сағат 14:00-де келмеді. Бәлкім, шенеуніктердің жасөспірімдер арасындағы суицидтен де маңыздырақ шаруалары бар болар, кім білсін.

Бірнеше күннен бері жинақталып, талайдың көкейін тескен сұрақтарды тілшілер ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы қадағалау басқармасының басшысы Азамат Қабдешев пен отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстанның ата-аналар қауымдастығының президенті Әмина Жомартқызына қарша боратты. Алайда сұрақтардың басым көпшілігі жауапсыз қалды, себебі оларға тұшымды жауап берер ешкім жоқ. 

Психологқа науқас жандар ғана қаралмайды

Ата-аналар қауымдастығының өкілі Әмина Жомартқызының пікірінше, баяғыдан бері келе жатқан күрделі мәселені қайта көтеріп, жұртты даурықтырғаны үшін бұқаралық ақпарат құралдарының да айыбы бар. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарына айтарымыз біреу. Бұл жайттар әлі анықталған жоқ, бірақ кеше WhatsApp мессенджерінде арнайы құрылған топтарда роликтер тарап кетті. Осылайша, ойынға жұрттың назарын аударып, мәселені одан сайын ушықтырып отырмыз. БАҚ өкілдерінен мынаны сұраймыз: бұл ойын жайында көп жазып, жұрттың назарын аудара бермеңіздер. Қазір біз үшін басты мәселе – балаларымыздың, болашақ ұрпақтың денсаулығы", — деді қоғамшыл тілшілерге.

Сонымен қатар, қазақстандық ата-аналарға да үндеу тастады.

Instagram парақшасындағы топтардың бірі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада баспасөз мәслихатында әлеуметтік желілердегі "өлім топтары" мәселесі талқыланады

"Балаларыңызға көп көңіл бөліңіздер, қадағалаңыздар. Қазір ата-аналар үшін ең маңыздысы — балаларының аман-есендігі. Сол үшін бәріміз бірігуге тиіспіз, ата-ана мен ұстаздың арасында өзара байланыс болуы керек. Осы орайда Қауымдастық ата-ана және баламен жұмыс бойынша арнайы жоба әзірлеуде. Балалардың сөзіне де құлақ асу қажет. Олар неліктен әлеуметтік желілерде күн ұзақ отырады? Қазіргі уақытта бұл мәселе балалардыкі емес, үлкендердікі", — деп санайды Жомартқызы.

Психологқа барғанның да еш сөкеттігі жоқ деп санайды қоғамшыл.

"Қымбатты ата-аналар, балаларыңызға көбірек көңіл бөліңіздер, сөйлесіңіздер. Психологтан қорықпаңыздар, жәрдемін сұраңыздар. Балаңызды психологқа апарсаңыз, ол науқас деген сөз емес. Бұл балалармен әңгіме жүргізудің қажеттігі. Көптеген жанұялық шаралардың арқасында балаларды гаджеттер мен әлеуметтік желілерден аулақтатуға тиіспіз", — дейді Әмина Жомартқызы.

Бұғаттамаймыз

Қойылады-ау деген сұрақтарға дайын сандық көрсеткіштермен келген ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі тілшілер алдында сөз сөйледі.

"ВКонтакте" және басқа да әлеуметтік желілердегі блок қою жайттары туралы сөз қозғасақ, 2015 жылы 157 қауымдастық пен топқа қарсы шара қолданылды, ал 2016 жылы – 161 қауымдастық пен топқа. Бұлардың бәрі суицидтік сипаттағы топтар", — деп мәлімдеді Азамат Қабдешев.

Тілшілердің қауіпті ақпарат жариялайтын әлеуметтік желілерге блок қойыла ма деген сұрағына ведомство өкілі үзілді-кесілді жауап берді.

телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР ІІМ: Қазақстанда "өлім топтарының" әсерінен болған суицид жағдайлары жоқ

"Бүгінде ешқандай әлеуметтік желіні бұғаттайтын ойымыз жоқ. Мұндай мәселе қозғалмайды", — деді шенеунік.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік органдар бүгінгі отырысқа негіз болған мәселе бойынша жұмыс жасауда.

"Егер бала тұйықталып, компьютерде ұзақ отыратын болса, ата-анасы ғаламторда қандай парақшаларға кіретінін тексеруі қажет. Азғыру қаупі жоқ деп айта алмаймыз, бірақ мұндай жайт орын алмас үшін, барлық мемлекеттік органдар жұмыс істеуде", — деп атап өтті Қабдешев.

Мұхит тұңғиығында жүзіп жүрген алып сүтқоректінің суреті бұдан былай биология мен географиядан өтетін қарапайым жануар ретінде қабылданбайды. Керісінше, Қызыл кітапқа енген кит балалар арасында суицид мәселесінің бар екендігін көрсететін тағы бір дәлел. "Не істеу керек?" деген сұрақ бұрынғыша өзекті болып қала бермек…  

Жаңалықтар
0