Қоғам

Димаш Құдайберген үлкен мінберден сөз сөйледі

Жазылу
Димаш Құдайберген Елбасы мен өнерсүйер қауымға алғыс айтты

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik, Айымгүл Әбіл. Жас әнші Димаш Құдайберген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы барысында жоғары мінберден сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы Димашпен кездесіп, өз батасын берді

"Құрметті Елбасы, сізге және осы уақытқа дейін мені қолдап келген барша өнерсүйер жерлестеріме үлкен рахмет айтуға рұқсат етіңіз. Сіз қазақ елін әлемге таныттыңыз. Өнерім арқылы, әнім арқылы қазақтың болмысын, табиғатын, өшпес тарихын, ата-бабаларымыз әуелетіп кеткен халық әндерін әлем сахналарында орындау, шарықтату — менің басты мақсатым болды, алдағы уақытта болып қала бермек", — деді Димаш. 

Димаш қазіргі таңда әлемнің қай түкпірінде, қандай әлем сахналарында өнер көрсетсе де, «қазақ деген өр тұлғасы келіскен ерекше елден келдім» деп мақтанып айтатынын жеткізді.

"Керегесі кең, кіммен болса да терезесі тең еліміздің болашағы жастардың қолында деп өзіңіз айтқан болатынсыз. Қазіргі таңда өресі биік жастар үшін елімізді әлемге танытуға мүмкіндіктер толығымен жасалды айтуға толық негіз бар. Осы орайда барша жастарды қазақтың атын күллі әлемге паш етуге шақырғым келеді", — деді әнші. 

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Singer-2017" байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, екінші орын алды. Байқау барысында ол бірнеше марапатқа ие болды. "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жеткен болатын.


Жаңалықтар
0