Қоғам

Өскеменде ер адамның қолында қуаттау құрылғысы жарылды

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуқуаттау
қуаттау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам қуаттау құрылғысының жарылуынан ашық сынық пен жарақат алды

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Ұялы телефонның қуаттау құрылғысы жарылып, Өскемен тұрғыны жарақат алды, деп жазады Устинка Live басылымы.

Оқиға сәрсенбі күні кешке орын алды. Қырық алты жастағы ер адам бұғанасының бірінші және екінші сүйектерінің ашық сынығымен, сонымен қатар беті және кеудесінің көптеген жарақатымен 1-ші қалалық ауруханаға түсті.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, зардап шеккен ер адамның жағдайы тұрақсыз. Ол қатты  есенгіреп қалған.

Қуаттау құрылғысының маркасы мен үлгісі хабарланбаған

Жаңалықтар
0