Қоғам

Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

© AP Photo / Pavel MikheyevЦентральная мечеть в Алматы, архивное фото
Центральная мечеть в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады

АСТАНА, 11 мамыр. — Sputnik. Өскемен қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

Әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітілді. Төралқа мәжілісі мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.  

Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.


Жаңалықтар
0