Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы

Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады

367
(Жаңартылды 10:50 31.07.2018)
27 мамырда қасиетті Рамазан айы басталады

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады.

Өздеріңізге белгілі, еліміздің Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы отандастарымыз айтып келмейтін табиғи су тасқынынан едәуір зардап шекті. Қаншама бауырларымыздың үйі су астында қалып, материалдық шығынға ұшырады. Осыған орай, жомарт жандар мен қайырымды кәсіпкерлер табиғи апаттан үй-күйсіз шарасыз қалған тұрғындарға қолдау көрсетіп, көмегін аямауда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да жанашыр жамағаттың демеушілігімен "Қайырымдылық керуені" акциясы аясында киім-кешек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жеткізді. Кәсіпкер азаматтарды осы бағыттағы қайырымдылық жұмыстарға белсене атсалысуға шақырамын.

Асыл дініміз Исламда "садақа жария" деген қасиетті ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді, атап айтқанда, мешіт-медресе, аурухана, бала-бақша, спорт кешендерін тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздырту, т.б игі амалдарды "садақа жария" деп атаймыз. Міне, бұл ізгі іс-шаралар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты амалдар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы облыстарда "Қайырымдылық мекемесін" ашып, жергілікті жас буынға діни һәм зайырлы білім беріп, имандылыққа тәрбиелеумен қатар тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуде.

Меценаттар мен кәсіпкер азаматтарды жалпы жұршылыққа қажетті нысандарды тұрғызу жұмысына белсене араласып, жанашырлық танытуға шақырамын. Өйткені, рамазан – қайырымды жандар үшін мол мүмкіндіктер маусымы. Оразада жасалған әрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: "Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?" – деп сұрағанда, ол: "Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде", – деп жауап берген екен.

Жуырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бай-дәулетті азаматтарды жағдайы төмен тұрғындарға көмек көрсетуге үндеді. Мемлекет басшысының бұл бастамасына үн қосу баршамыздың азаматтық борышымызға айналуы қажет деп есептеймін.

Қоғамда кісі ақысын жеу, баланы аяусыз ұру, педофилизм, нәрестені далаға тастау, өз-өзіне қол жұмсау, ажырасу, кейбір азаматтар арасындағы қатыгездік жағдайлар, арақ-шарапқа тәуелділік, отбасындағы келіспеушілік, террорлық оқиғалар сынды жалпы адамгершілік құндылықтарға жат әрекеттер көрініс табуда. Пендені рухани тұрғыдан аздырып, елдің тыныштығын бұзып, қоршаған орта мен бүкіл қоғамның тұтастығына үлкен зиянын тигізетін мұндай жаман әрекеттерге жұрт болып жұмылып қарсы күресуіміз керек. Бүгінгідей бірлігіміздің арқасында мұндай жағымсыз, жаман оқиғалардың жолын кесе аламыз.

Рамазан – мол сауап жинайтын қасиетті ай. Адам баласы ізгі амалы арқылы Жаратушының рақымына, нығметіне кенеледі. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, табиғи апат салдарынан бұзылған үйлерді жөндеуге, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын.

Зекет беру – жағдайы келген (шариғат бойынша нисап мөлшеріне жеткен) мұсылманға парыз. Ал зекет берекелі рамазан айында берілсе, оның да сауабы еселеніп жазылады.

Қасиетті айдың құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін. Осынау жақсы амалдар рамазаннан кейінгі айларда да жалғасын тапса нұр үстіне нұр.

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазанда жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл еткей!

367
Кілт сөздер:
пайғамбар, садақа, ислам діні, мұсылман күнтізбесі, діни күнтізбе, ораза, рамазан айы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Тақырып:
Рамазан айы (13)
коронавирус, медбике

Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді

464
"Қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтыны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Коронавирустан қорғануға тек антиденелер ғана көмектеспейді, деп мәлімдеді микробиолог Сергей Иванов "МК" газетіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, кейбір адамдар коронавируспен ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болса да, инфекция жұқтырмайды.

"Осындай жағдайлар болды. Олардың ағзасы бұл коронавирусты қабылдамайды", - деді Иванов.

Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының ғалымдары осындай қорытындыға келген.

"Ғалымдар "қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтынын байқаған", - дейді маман.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді қыспағына алды. 60 миллионнан астам адам вирус жұқтырса, оның 1,4 миллионнан астамы қайтыс болды. Коронавируспен ауырғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті. Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны – 42 104. Қайтыс болғандар – 2 470.

464
Кілт сөздер:
ғалым, коронавирус
аурухана, коронавирус

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

1604
(Жаңартылды 11:36 29.11.2020)
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 214 адамның жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирустық пневмониядан үш адам көз жұмған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр.  9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 32 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 826 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 16191 (+135),
  • Алматы қаласында - 16033(+73),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -15989(+83),
  • Атырау облысында - 11616(+18),
  • Қарағанды облысында - 11077(+25),
  • Батыс Қазақстан облысында - 7994(+39),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 6291(+105),
  • Павлодар облысында - 6254(+120),
  • Алматы облысында - 5682(+33),
  • Шымкент қаласында -5361(+6),
  • Қостанай облысында - 5212(+85),
  • Ақмола облысында - 5072(+86),
  • Жамбыл облысында - 4411(+14),
  • Ақтөбе облысында -3481(+1),
  • Түркістан облысында - 3477(+2),
  • Маңғыстау облысында - 3434(+0),
  • Қызылорда облысында -3290(+1).
1604
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

469
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

469
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек