Қоғам

Енді кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін алуға болады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуЖүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның үш қаласында дайын жүргізуші куәлігін арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығынан ғана емес, кез келген жақын ХҚКО-дан алуға болады

АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Астана, Алматы, Шымкент тұрғындары кез келген жақын Халыққа қызмет көрсету орталығынан жүргізуші куәлігін ала алады, ол үшін жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде тиісті бөлімнің нөмірін көрсету керек, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі.

Абылайхан Оспанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Азаматтарға арналған үкімет" топ-менеджерлері ХҚКО консультанттары болды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ өндіріс қызметінің координациясы бойынша басқарушы директор Шоқан Әбділмановтың сөзіне сүйенсек, бұл жоба халықтың уақытын үнемдеп, арнайы ХҚКО-тарындағы кезектерді азайтуға септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 арнайы ХҚКО бар: Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе дәне Шымкент қалаларында. Сонымен бірге арнайы ХҚКО-ның екі секторы қызмет етеді: Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында. Жыл басынан бері 137 мыңнан аса жүргізуші куәлігі берілді.

Жаңалықтар
0