Қоғам

Қазақстанда медициналық университет студенттері жаппай шығарылмақ

© Sputnik / Медиабанкке өтуМедицина университеті
Медицина университеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда медицина мамандығының студенттері үшін тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. Қазақстанда медицина мамандығының студенттері үшін тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

"Біз тек оқу бітірген жоғары оқу орындарының түлектерін ғана емес, оқу барысында да сыртқы тәуелсіз бағалау жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бірінші және екінші курстан кейін болашақ дәрігерлер жаппай шығарылуы тиіс", — деді Біртанов бейсенбіде халықпен өткен есептік кездесу барысында. 

Оның сөзіне қарағанда, студент ұзақ оқыған сайын оған үкімет көбірек ақша жұмсайды. 

"Тиісінше, алты-жеті жыл өткен соң диплом алуға әрекеттеніп жатқанда емес, оларды алдын ала шығару керек. Емделушіге жақындау өте қатаң болу қажет екенін түсіну керек, білімді бағалау ғана рұқсат болып табылады", —  деп түйді министр. 

 

Жаңалықтар
0