Қоғам

Түрмеде зорланған Наталья Слекишинаға рақымшылық берілген жоқ

© SputnikНаталья Слекишина сотта
Наталья Слекишина сотта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам кейінге қалдырылған жаза мерзімін толығымен өтейтін болды

АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Сотталған Наталья Слекишинаға рақымшылық берілмейтін болды. Ол өтелмеген жаза мерзімін екі есе қысқартуға қол жеткізуді көздеген. 

Сот отырысы дүйсенбі күні кешке болды. 

Наталья Слекишина сотта - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Слекишина Алматы тергеу изоляторының қызметкерлерімен "шайқасын" жалғастырып жатыр

"Рақымшылық туралы" заңның 5-бабы 12-пунктіне сәйкес ҚР ҚК 192-бабы 2,3,4-бөліктерінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін сотталғандарға рақымшылық берілмейді. Сот қаулысы бойынша, ҚР "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық" туралы заңы негізінде  Н. Слекишинаның өтелмеген жаза мерзімін жартылай қысқарту туралы өтініші қанағаттандырылмады", — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Ақпан айында Слекишина бес жылға бостандыққа шыққан еді – түрмеде туған қызын тәрбиелеу үшін өтелмеген жаза мерзімі кейінге шегерілген болатын. 

Айта кетейік, 2015 жылы мамырда Алматы соты Наталья Слекишинаны қарақшылық шабуыл жасағын үшін айыпты деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айырған. Ал 2016 жылы жазда Слекишина түрме қызметкерлеріне зорлады деп айып тақты. Наталья түрмеде отырған кезде қыз баланы өмірге әкелген болатын. Күдіктілер айыбын мойындамағанымен, ДНҚ сараптамасы нәтижесінде баланың әкесі кім екені анықталды.  Түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов әйел адамды зорлағаны үшін тоғыз жылға сотталған. 

Жаңалықтар
0