Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті

СІМ: Қытайдағы қазақтарға қатысты Елбасының тапсырмасы орындалады

1354
(Жаңартылды 15:21 04.07.2017)
Қытайдағы қазақтарға қысым көрсетілуде деген ақпарат тараған болатын

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ Өмірхан Алтын Елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп жатқанын жеткізген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырды. 

"Қаны қазақ деп қайнаған Сізге бір мәселені айтқым келіп отыр. Ата қонысында өмір сүріп жатқан Алтайда, Үрімшіде, Құлжада, жалпы Қытай елінің территориясында өмір сүріп жатқан  ағайындарымыз соңғы уақыттарда аса қиын жағдайды басынан кешіп келеді. Қытай үкіметі өзінің негізгі заңына әрі халықаралық заңдарға, халықаралық адам құқықтарына қайшы ағайындарымыздың құқықтарын таптауда. Олар бастарынан қиын-қыстау кезеңді өткізіп жатыр. Ондағы ағайындарымыз шырылдап жатыр ", — деген еді құрылтайда Өмірхан Алтын. 

Елбасы бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне тапсырма берді. 

"…Ол жердегі Синьцзянда болған неше түрлі жағдай бар. Терроризм де, сепаратизм де бар. Бірақ та қазақтарға жасалып жатыр деген қиянат менің құлағыма келген жоқ. Бар болса, елшілік арқылы біліп, Сыртқы істер министрлігі арқылы оған біз тиісті көңіл аударатын боламыз", — деген болатын Мемлекет басшысы. 

Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша, ең алдымен мәселенің анық-қанығына жетіп алу керек. 

"Ең алдымен, мәселенің анық-қанығына жетіп алауымыз керек. Одан кейін барып, егер ол шындыққа сай келетін болса ғана тиісті мәселені көтеруге болады", —  дейді ол. 

Оның айтуынша, бұл мемлекетаралық қатынастарды сақтай отырып, халықаралық шарттарға байланысты қарастырылатын мәселе. 

"Елбасы Сыртқы істер министрлігіне тапсырма берді. Енді бұл мәселені министрлік қарап, Қытайдың сыртқы істер мимнистрлігіне хабарлап, ол туралы мәлімет алғаннан кейін барып тиісті мәселе қарастырылады деп ойлаймын. Өйткені бұл екі мемлекеттің арасындағы халықаралық мәселелер. Ал бізде халықаралық шарттарға байланысты бір мемлекет екінші мемлекеттің ішкі істеріне араласпайды. Сондықтан халықаралық шарттарға сәйкес, мемлекетіміздің қолданыстағы заңдарына сәйкес мәселені қарастырып, оларға айтып, егер сондай болып жататын болса, сол мемлекет мәселені қарап, жауап береді деп ойлаймын", — дейді ол. 

Ал Сыртқы істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалып жатқанын жеткізді. 

"Президенттің тапсырмасы орындалады. Белгіленген тәртіппен хабарланатын болады", —  деді Sputnik Қазақстан тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Айта кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қытайдағы қандастарымызға қысым жасалып жатыр деген ақпарат тарады. Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұрып жатқан қазақтарды Қытай үкіметі саяси және құқықтық қысымға алған екен. Оның бір себебі жергілікті қазақ ұлтының кейбір өкілдері діни экстремистік топтарды қолдап, Сириядағы соғысқа аттаныпты-мыс. 

Сонымен бірге, бір топ зиялы қауым өкілдері мен қандастарымыз Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Қытайда тұратын қазақтардың тарихи отанына келуіне түрлі кедергілер жасалып жатқанын айтқан еді. 



1354
Тақырып:
Шетел қазақтары (37)
Әлеуметтік желілер

Бас прокуратура желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

1359
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бас прокуратураның қаулысы таратылып жатыр. Бұл ақпарат жоққа шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Желіде Қазақстанның бас прокурорының жалған қаулысы таратылып жатыр.

Хабарламада Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны жазылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.

"Желіде Бас прокурор бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулыға қол қойғаны жазылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған", – делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында.

Жалған хабарға мұқият қарағанда, орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжат ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде сайтта мұндай ақпарат жоқ.

Фейкті жасаған адам негізге алып отырған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ. Олардың саны 25 қана.

Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қате көп екені байқалады.

Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрады.

 

1359
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар бас прокуратураның алдына жиналды
"Малсың деген": Желіде тараған видеодағы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты
Прокуратураның бұрынғы қызметкері өз әйелін пышақтап өлтірді
Үсті-басын қар басқан қостанайлық полицейдің фотосы желіде қызу талқыланып жатыр
Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады 
Қалыңдық, архивтегі сурет

Қазақ бизнесмен мен украиналық тележүргізушінің тойы қалай өтті видео

3744
Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті. Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Алмаз (тегі белгісіз) украиналық тележүргізуші  Иванна Онуфрийчукке үйленді. Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Шақырылған әртістер қатарында Дан Балан, Дима Монатик сынды әртістер болды. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Иванна Онуфрийчук "Без галстука" авторлық шоуын жүргізеді. "Страна.ua" басылымының ақпаратына сәйкес,  бизнесмен Швейцарияда тұрады.

3744
Тақырып бойынша
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  
Тойда қалыңдығының әзілін көтере алмаған күйеу жігіт жұрттың ашуына тиді – видео
Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Қарағандыда тойда түсірілген видео желіде тарап кетті
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1770
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1770
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан