Қоғам

Иван Ургант "Астана" велокомандасының формасын киді

© Photo : Страница Ивана Урганта в InstagramИван Ургант "Астана" велокомандасының формасын киді
Иван Ургант Астана велокомандасының формасын киді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік шоумен және тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жұмбақ сурет жариялады

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Белгілі ресейлік тележүргізуші Иван Ургант "Астана" велокомандасының формасын киіп алды.

Ургант клубтың спорттың киімін не үшін кигенін айтпайды. Тек әлеуметтік желідегі фотоның астына әзіл жазу қалдырған: "Казахское кватроченто #вожиданииавтобуса". 

Ургант пошутил в своем шоу о переходе казахского языка на латиницу - Sputnik Қазақстан
Видео
Ургант өз шоуында қазақ тілінің латынға көшуін әзілге қосты

"Кватроченто" термині XV ғасырдағы итальяндық өнердің қарқынды дамуындағы кезеңді білдіреді. Ургант бұл әзіл сөз арқылы фотоны суретшінің туындысы ретінде көрсеткісі келсек керек. 

Сурет аз уақытта 200 мыңнан астам "лайк" жинаған. 

Үш күн бұрын қазақстандық велоспортшы, ал қазір "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров инстаграмдағы парақшасында Иван Ургантпен түскен суретін жариялап, жұмыс істеп жатырмыз деп жазған болатын. Бірақ әлі күнге дейін оның қандай жұмыс екені белгісіз. 

Өткен жылы Иван Урганттың велоспортты жақсы көретіні және "Астана" велокомандасының жанкүйері екені белгілі болды, сондай-ақ ол Александр Винокуровпен таныс екен. 

 

Работаем с @urgantcom.. @proteamastana #urgantcom

Публикация от Alexandr Vinokurov Official (@alexandrvinokurov) Авг 16 2017 в 7:17 PDT

 


Жаңалықтар
0