Қоғам

ЭКСПО-2017 көрмесінде орын алған қызықты оқиғалар

© Sputnik / Ксения ВоронинаЭКСПО көрмесіндегі Сингапур күндері
ЭКСПО көрмесіндегі Сингапур күндері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі 2232 сағатқа созылып, "Нұр Әлем" сферасы жанындағы отшашумен аяқталды

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Ірі көлемдегі шаралар өткізу барысында қандай да бір күлкілі оқиғалардың болмауы мүмкін емес. Sputnik Казахстан Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде орын алған қызықты жайларды еске алады 

"ЭПКСО" және "жоғалған Сәулеш"

Астананың ЭКСПО көрмесіне дайындығы барысы біршама асығыспен жүргізілді. Осы ретте қалада ЕРХО жазуы бар орындықтар орнатылды. Әріптердің құрылымы тез арада өзгертілгенімен, суреттер әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде көптеп таралды.

ЭКСПО алдындағы қызық жайлардың бірі, көрменің – Сәуле, Мөлдір, Қуат деген бойтұмарларының пайда болуы еді. Бекітілген жобаларға қарамастан, ойыншықтардың түрі қорқынышты болды. Біраз уақыттан кейін Сәуле "жоғалып", қайта орнына қойылды. 

Сатылымға қойылған сфера 

Сфераны сату туралы хабарландыру жалған болғанымен, ол көптеген қазақстандықтардың назарын өзіне аударды. 

«Түйе екеніңді дәлелде»

Алматы қаласы күндерін тойлауға қатысты көрмеге әкелінген, төрт түйені аккредитациялау туралы жайт, МЕМ-ге айналып, ауыздан-ауызға таралды. 

Ұмытшақ ата-аналар 

ЭКСПО көрмесінің керемет оқиға болғаны жайында күманданасыз ба? Оған келтіретін дәлеліміз: итальяндық туристтер өздерінің арбада ұйықтап жатқан баласын көрменің территориясында ұмыт қалдырып, қонақ үйге кетіп қалған.

Авто қызықтар

Қызметтік көліктің жүргізушісі арнайы орынға жетпей, баспалдаққа бұрылып, сол жерге тұрақтаған. Жүргізуші бұл жағдайға қатысты өз жазасын алды. 

© Photo : аккаунт ztb_kz в InstagramЭКСПО аумағында жүргізуші баспалдаққа тұрақтады
ЭКСПО аумағында жүргізуші баспалдаққа тұрақтады - Sputnik Қазақстан
ЭКСПО аумағында жүргізуші баспалдаққа тұрақтады

Жаңалықтар
0