Қоғам

Баланы блогер мен вайнер тәрбиелемеуі керек - ата-аналар қоғамдастығы

© Public DomainЖасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-аналардың пікірінше, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін сананы жаңғырту үрдісін пайдалану қажет және оған ата-аналар қатысуы керек

АСТАНА, 22 қыркүйек  — Sputnik. Баланың тәрбиесіне ата-ана үлкен көңіл бөлуі тиіс. Оның қажеттіліктерін жете түсініп, мейлінше жақын болуы керек, деп есептейді Астана қаласы ата-аналар қоғамдастығы кеңесінің төрайымы Гүлнар Омарова, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ата-аналар мектеппен ынтымақтастықта жұмыс істеп, балаларымыздың қажеттіліктерін жете түсініп, мектеп берген білімі мен тәрбиесіне көмек беріп, жалпы балаға жақын болып, баланы ғаламтордағы шетел блогері мен вайндары емес, біз ата-аналар тәрбиелеуіміз керек екенін жете түсіну қажет. Айталық, бала жеті атасын біледі, әдебиетті, қазақ ғұламаларының шығармаларын баға үшін оқиды. Ал бұлай болмауы тиіс. Алдымен бала әкесі мен анасын пір тұтып, айтқан ақылын тыңдап, ата-бабасын таныса, одан кейін ел тарихын, мәдениеті мен әдебиетін оқыса, сонда ғана нұр үстіне нұр болары хақ", — дейді Омарова. 

Ал ол үшін, оның айтуынша,  президентіміздің сананы трансформациялау үрдісін пайдалану қажет.

Орыс тілі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр даулы орыс тілі оқулығына қатысты пікір білдірді

"Мысалы, әке баласының мерейін арттыру үшін оған киім-кешек пен айфон емес, баланың ашық сабағында өзінің мамандығы жайлы айтып берсе, жұмыс орнына саяхатқа бүкіл сыныбын апарса, балық аулауға баланың жолдастарымен барып, әңгімелессе, әке балаға, бала әкеге жақын болады емес пе?! Мұндай әсер бала түйсігіне, бүкіл болмысына оң әсер ететініне күмән келтірмеймін", — дейді ата-ана.

Омарова сананы жаңғырту ата-аналармен бірге жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Осы мақсатта олар әрбір мектеп үшін ата- ана, мұғалім, оқушы кодексін дайындауды ұсынды. 

"Астанада ата-аналар мектебін ашуды жоспарлап отырмыз. Онда сенбі және жексенбі күндері ата-аналар балаларымен бірге ғылыми шеберлік-кластарын, тренигтер өткізетін болады. Мысалы, цифрлық сауаттылық, IT-технологиялар бойынша курстар ұйымдастырылады", — деді ол.

День знаний - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев: бес күндік оқу аптасын барлық мектепке енгізу қиын болып тұр

Бұдан бөлек, оқушылардың интернетке тәуелділігімен күресу үшін біршама жұмыс атқарылмақ. 

"Мектептерде оқушыларға қамқорлық, жетекшілік ету дәстүрін қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта ЭКСПО-да ерікті болып еңбек еткен студенттерді тартамыз. Бұл ретте жоғары сынып оқушыларына студенттермен әңгімелесіп, ҰБТ-ға дайындалу, стреспен күресу туралы олардың өз аузынан ести алады. Балалар интернетке тәуелді болмауы үшін мамандар шақырамыз", — деді Астана қаласы ата-аналар қоғамдастығы кеңесінің төрайымы.

Жаңалықтар
0