Оралмандар, архив суреті

Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма? Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады

2573
(Жаңартылды 19:35 12.12.2017)
Сенат депутаты Бақытжан Сағынтаевтан сыртқы істер министрлігі тарапынан осы сұрақты зерделеп, сараптау үшін қандай жұмыстар жүргізілгенін сұрады

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев бүгін үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, Қытайдағы қазақтарға "билік қысым көрсетіп жатыр" деген ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын, егер рас болса, мемлекеттік құзырлы органдар осы мәселені шешу үшін не істеп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қытайда тұратын қазақ диаспорасы ең ірі диаспора екені белгілі. Негізгі қоныс құрған жерлері – Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағы және Цинхай мен Ганьсу провинциялары. Қытай  Халық Республикасының Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағында тұратын қазақ ұлтының өкілдері қысым көріп келеді деген әңгіме шілде айындағы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында көтерілген болатын. Содан бері ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерде Шыңжаңда қоныс тепкен бір жарым миллионнан астам қандастарымыздың заңды құқықтарының шектелуі жөніндегі әңгіме кеңінен таралып келеді",  — деді депутат сенаттың жалпы отырысында. 

Ол қазақтардың діни құқықтарының шектелуі, шетелге шығу үшін төлқұжат берілмеуі, оралман құжаттарын қолына алған адамдарды оны қайтадан тапсыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат тарағанын айтты. 

"Менің сауалымның түйіні осы ел ішіндегі, Қытайдағы қазақ диаспорасы құқықтарының шектелуі жөніндегі ақпарат шындыққа қаншалықты жанасады? Жалпы, Қытайдағы қазақ диаспорасының жағдайы мен  құқықтары сақталуының қорғалу деңгейі  қандай? Шынымен де қазақ этносының өкілдері қысым көріп келе ме?", — деді ол. 

"Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі тарапынан осы сұрақты зерделеп, сараптау үшін қандай жұмыстар жүргізілді? Бұл өзекті мәселе бойынша қытай тарапымен келіссөздер не болмаса консультациялар жүргізілді ме? Ал жоғарыда көтерілген ақпарат расталған жағдайда, мемлекеттік құзырлы органдар осы мәселені шешу үшін қандай әрекет қолданып жатыр?", — деп жолдады депутаттық сауалын Қылышбаев. 

Еске сала кетсек, 23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ Елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп, қандастарымыздың құқықтарын таптап жатқанын жеткізген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырған еді.


2573
Тақырып:
Шетел қазақтары (37)
Әлеуметтік желілер

Бас прокуратура желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

1357
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бас прокуратураның қаулысы таратылып жатыр. Бұл ақпарат жоққа шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Желіде Қазақстанның бас прокурорының жалған қаулысы таратылып жатыр.

Хабарламада Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны жазылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.

"Желіде Бас прокурор бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулыға қол қойғаны жазылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған", – делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында.

Жалған хабарға мұқият қарағанда, орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжат ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде сайтта мұндай ақпарат жоқ.

Фейкті жасаған адам негізге алып отырған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ. Олардың саны 25 қана.

Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қате көп екені байқалады.

Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрады.

 

1357
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар бас прокуратураның алдына жиналды
"Малсың деген": Желіде тараған видеодағы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты
Прокуратураның бұрынғы қызметкері өз әйелін пышақтап өлтірді
Үсті-басын қар басқан қостанайлық полицейдің фотосы желіде қызу талқыланып жатыр
Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады 
Қалыңдық, архивтегі сурет

Қазақ бизнесмен мен украиналық тележүргізушінің тойы қалай өтті видео

3742
Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті. Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Алмаз (тегі белгісіз) украиналық тележүргізуші  Иванна Онуфрийчукке үйленді. Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Шақырылған әртістер қатарында Дан Балан, Дима Монатик сынды әртістер болды. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Иванна Онуфрийчук "Без галстука" авторлық шоуын жүргізеді. "Страна.ua" басылымының ақпаратына сәйкес,  бизнесмен Швейцарияда тұрады.

3742
Тақырып бойынша
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  
Тойда қалыңдығының әзілін көтере алмаған күйеу жігіт жұрттың ашуына тиді – видео
Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Қарағандыда тойда түсірілген видео желіде тарап кетті
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1759
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1759
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан