Қоғам

Баласы "Алла" атын аузына алып, намазға жығылса ата-ана неге қорқады?

мешіт, архив суреті
мешіт, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың айтуынша, дәстүрлі емес деп атап жүрген діни ағымдар негізінен жастарды нысанаға алып отыр

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушысы Жанұлан Тайболдиннің пікірінше, қазіргі таңда ата-аналар баласы "Алла" атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Қоғамдағы түрлі түйткіл осыған себеп. Бұл жерде мәселе діннің өзінен емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың құйтырқы әрекетінен ушығып тұрған жайы бар. Дәрігер мамандар ұлтымызға жат ағымдар пайдаланатын амал-тәсілдердің психикаға теріс әсері барын, тіпті кейбір жағдайда олар адамды жындыханадан бір-ақ шығаратынын немесе өз-өзіне қол жұмсауға дейін апаратындығын растап отыр. Осыдан кейін ата-ана сыртта жүрген баласына қалай алаң болмасын?, дейді сарапшы.

Хазірет сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сарапшы: дінге қызығушылық танытқан жастар діни мәліметті қайдан алуды білмейді

Дінтанушының атап өтуінше, еліміздің ата заңында ар-ождан бастандығы туралы, дінге және діни нанымға байланысты кемсітуге болмайтындығы, сондай-ақ қандай дін болмасын, азаматтардың ерекшеліктеріне қарамастан тең құқылы екендігі жазылған. Дегенмен, соңғы бірнеше жылда қалыптасқан еліміздегі діни ахуал заңдық жағынан болсын, діни сауаттылық тұрғысынан болсын біраз шараларды қабылдау керектігін дәлелдеді деуге болады. Осы орайда жастардың құқықтық және діни сауаттылығын жетілдіру бағытында әлі де атқарылар шара көп. Олай болатыны, қазіргі дәстүрлі емес деп атап жүрген діни ағымдар негізінен жастарды назарға алып отыр.

Бүгінгі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы, дейді сарапшы. Мәселен, 1989 жылы 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестік болса, 2003 жылы 3206 діни бірлестік жұмыс істеген. 2012 жылғы қайта тіркеу шарасынан бұрын еліміздегі тіркелген ұйымдардың саны 4551-ге жеткені белгілі.

"Елімізде протестанттық және неопротестанттық шіркеулердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізе бастады деуге болады. Мұның себебі, бір ұлт өкілдерінің әртүрлі діни нанымда болуы ұлттық тұтастықты, тіпті бара-бара елдік тұтастықты сақтауға оразан зор қауіп төндіреді. Дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, яғни миссионерлер өз нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Негізінен заң аясында тіркеліп, жария жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, көп шаруасын астарлы түрде істейді", — дейді ол. 

Мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ермекбаев дін мәселесінде қандай сын-қатерлер тұрғанын айтты

Оған қазіргі тіл үйрету курстарының, қайырымдылық қорларының көбейіп кетуі, сол арқылы өздеріне жақтастарды тауып жатқандығы дәлел. Сонымен қатар, заман талабына сай оқу орындарын құру, сол арқылы өздері қалаған мамандар мен адамдарды даярлап шығу да миссионерлердің батыл қолданатын тәсілі болып табылады. Яғни, Қазақстанда да жеке оқу орындарының қатарында осы мақсатта жұмыс істеп жатқандары баршылық.

"Бәрінен қорқыныштысы – "рухани аждаһалардың" мектеп қабырғасындағы балақандарға қол салуы. Жасөспірімдерді арбағандар қатарында салафит, уахабизм сияқты діни бірлестіктер мен протестанттық ілімдер де бар. протестанттық ілімдер де бар. Психологтардың айтуынша, діни ағым арбауынан айығу үшін бір адамға кем дегенде екі жыл қажет екен. Онда да бөтен ілімге әлі терең бойламағандар үшін. Ал сана-сезіміне билік жүргізуден айырылғандар сол пір тұтқан жамағаттың құлына айналды дей беріңіз. Бірақ психологтар ешқашан қол жайып, үміттен күдер үзуге болмайтынын ескертеді. Мамандар мұндай жағдайда жаттың жетегіне кеткенді кері қайтара алатындардың бірі ең жақын адамдары екенін айтады", — дейді Тайболдин. 

Сарапшының пайымдауынша, ғаламдану заманындағы басты қатер – ашық-шашықтығымыз. Осы ұрымтал тұсты пайдаланушы мысықтілеу миссионерлер ұлтымызға жақын ислам діні атын жамылып кез келген бағыт бойынша, соның ішінде ғаламтор арқылы да жастарымыздың санасын улап, қоғамымызға іріткі салып бағуда. Ал санасы бөтен пиғылдылардың ықпалымен әбден уланған жастан не күтуге болады?…

 

Жаңалықтар
0