Қоғам

Астанада сәбиге Бәйдібэкспо есімі берілді

© Photo : Jacqueline MacouСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаңтардан бері Астанада 25 735 сәби дүние есігін ашты

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Астанада жаңа туған сәбидің есімі «ЭКСПО» көрмесінің құрметіне қойылды, деп жазады елорда әкімдігінің сайты. 

"ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу кезінде «Есіл» ауданы АХАТ-та Бәйдібэкспо есімді ұл баланың аты тіркелді», — делінген хабарламада. 

Балалар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады
Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында елордада 25 735 нәресте дүниеге келген. Ең танымал қыз бала есімдері – София, Амира, Кәусар, Елдана, ал ұлдарға көбінесе Әлихан, Айсұлтан, Алан және Арлан есімдері берілген. 

Қазақстандықтар сәбилердің есімін елдегі маңызды оқиғалар құрметіне де қойып жатады. Мәселен, елімізде Саммитхан есімді ұлдар мен Саммита және Азиада есімді қыздар тұрады.


Жаңалықтар
0