кісен, архив суреті

Оңтүстік Кореяда қыз зорлаған шымкенттіктің ісіне қатысты СІМ түсініктеме берді

884
(Жаңартылды 08:27 15.11.2017)
Оңтүстік Кореяда әйел зорлады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған отандасымыздың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары әйел зорлады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстағанын растаймыз. Корейлік тарап тергеуге байланысты бұл істің мән-жайын ашпай отыр", — деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Оның айтуынша, бұл істі Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі ерекше бақылауға алды. 

"Оңтүстік Кореядағы Қазақстан консулы ұсталған жігіттің туған-туыстарымен, осы істі жүргізіп жатқан прокурор және адвокатпен тұрақты түрде байланысып отыр", — деді ол. 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 23 жастағы Шымкент тұрғынының Оңтүстік Кореяда 30 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға биыл ақпан айында кеткен. 


884
Қорғаныш костюмін киген дәрігерлер

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

994
Індетке шалдыққандардың дені Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 584 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

23 қаңтарда республика бойынша 1 584 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 21274 (+229),
  • Алматы қаласында – 21141 (+131),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 19804 (+42),
  • Атырау облысында – 15497 (+96),
  • Қарағанды облысында – 13226 (+82),
  • Павлодар облысында – 11695 (+220),
  • Батыс Қазақстан облысында – 10304 (+84),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 10107 (+113),
  • Қостанай облысында – 9350 (+177),
  • Ақмола облысында – 9299 (+237),
  • Алматы облысында – 8712 (+92),
  • Шымкент қаласында – 5787 (+8),
  • Жамбыл облысында – 5408 (+20),
  • Түркістан облысында – 3986 (+16),
  • Маңғыстау облысында – 3960 (+11),
  • Ақтөбе облысында – 3889 (+10),
  • Қызылорда облысында – 3535 (+16).

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 адамға жетті.

994
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Полиция үш ай бойы коронавирустан "жасырынған" ер адамды ұстады
Коронавирустан қайтыс болғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді - ДДҰ
Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жайлы не білеміз
Қазақстанда бір аптада 54 адам коронавирустан қайтыс болды
Сауат Мыңбаев

Сауат Мыңбаев жарақат алды жағдайына қатысты ақпарат шықты

1174
(Жаңартылды 13:40 23.01.2021)
Әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында Мыңбаев омыртқа жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабар шықты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. "Қазақстан темір жолының" төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақаттанды.

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Мыңбаев омыртқа жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы хабар шықты.

Компанияның баспасөз қызметі оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Сауат Мыңбаев 2018 жылдың қараша айынан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының төрағасы қызметін атқарып келеді. 

Ол 1962 жылы 19 қарашада бұрынғы Талдықорған облысы Үшарал ауылында дүниеге келген. Түрлі жылдары қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министр орынбасары лауазымында болды.

Мыңбаев индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі қызметтерін де атқарған. 2013-2018 жылдар аралығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды. Қазіргі уақытта "Қазақстан темір жолына" басшылық етеді.

1174
Кілт сөздер:
аурухана, Сауат Мыңбаев
Тақырып бойынша
Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат шықты
Тальго жолсеріктері пойызда әйел зорлады: ҚТЖ мәлімдеме жасады
Президент Сауат Мыңбаевты неге шақырды?
"Ауруханаға түсуі мүмкін": маман дәрумен ішетіндерге ескерту жасады
Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті
Жалғас Жұмағұлов

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды видео

0
UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Әбу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде швед қарсыласынан жеңіліп қалды.

Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Амир Альбазиге берді.

"Тартысты жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазиге есе жіберді", - деп хабарлады UFCRussia Instagram-да.

Осылайша Жалғас аралас жекпе-жекте 13 рет жеңіске жетіп, бес кездесуін жеңіліспен аяқтады. Жұмағұлов UFC-ге алғаш рет өткен жылдың жазында шықты. Ол төрешілер шешімімен бразилиялық Раулиан Пайведен жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырған еді.

Еске салсақ, UFC 257 турнирінің басты оқиғасы – ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жеңіл салмақтағы реванш.

0
Кілт сөздер:
видео, аралас жекпе-жек