Қоғам

Шетелдік риелтор Қазақстанның билік өкілі 65 миллион еуроға сатып алған пәтерді көрсетті

© Photo : из личного архива Игнаса МювиссенаКвартира, купленная представителем властей Казахстана в Париже, за 65 миллионов евро
Квартира, купленная представителем властей Казахстана в Париже, за 65 миллионов евро - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық құны 65 миллион еуро пәтермен бірге Mercedes G және Maybach көліктерін сатып алған

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Бельгиялық риелтор Қазақстан үкіметінің ресми өкілі сатып алған, құны 65 миллион еуро тұратын пәтерді көрсетті. Брокер Игнас Мювиссен Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның аса танымал әрі бай тұлғаларымен бұрын да жұмыс істегенін айтып берген.

© Photo : из личного архива Игнаса МювиссенаРиелтор Игнас Мювиссен
Риелтор Игнас Мювиссен - Sputnik Қазақстан
Риелтор Игнас Мювиссен
 

"Мен жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеп жүргеніме 20 жыл болды. Бай адамдармен қарым-қатынасым жақсы, шыны керек, маған бәрі сенетіндіктен, беделім жаман емес. Иә, Қазақстаннан бірнеше клиентім болды. Негізінен посткеңестік кеңістікте тұратын адамдармен жұмыс істеймін. Жалпы, қазақстандықтар Еуропаға жиі келе бастады", — дейді Игнас Мювиссен.

Риелтордың сөзіне сүйенсек, клиенттердің бәрі бірдей кім екенін жасырмайды, дегенмен Қазақстанның билік өкілі пәтердің бұрынғы иесімен құпия түрде кездескен. Мювиссеннің айтуынша, риелтор арқылы пәтер сатып алған адаммен қазір байланысу мүмкін емес.

"Менің атымды Гуглға жазып қарасаңыз, бұрын жұмыс істеген адамдарды көре аласыз. Бірақ клиентімнің атын құпия түрде қалдырғысы келгенін құрметтеймін. Бұл оның өзі және отбасы үшін маңызды. Сатып алушы мен сатушы арасында кездесуді өзім ұйымдастырдым. Бірнеше сағатқа ғана созылды", — деп атап өтті Мювиссен.

Риелтордың айтуынша, қазақстандық пәтермен бірге төрт көлік сатып алыпты: күзет қызметі үшін екі Mercedes G, жеке пайдалануға екі Maybach темір тұлпарын.

"Бүгінде жұртшылық ақшасын бірдеңеге салып, инвестициясын сақтау  жолдарын қарастырады. Париж, жалпы Еуропа – бұл мақсатта таптырмайтын жер. Жылжымайтын мүлік керемет", — деп пікірімен бөлісті Мювиссен.

© Photo : Игнас Мювиссеннің жеке архивіненҚазақстандық билік өкілі сатып алған пәтердің ішкі көрінісі
Қазақстандық билік өкілі сатып алған пәтердің ішкі көрінісі - Sputnik Қазақстан
Қазақстандық билік өкілі сатып алған пәтердің ішкі көрінісі

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан билік өкілі Франция астанасында пәтер сатып алған. Пәтерде бес жатын бөлме, SPA және тағы басқа арнайы бөлмелер бар.

Сән салтанатты үй қаланың басты сауда көшелері орналасқан "Алтын үшбұрыш" ауданындағы Авеню монтеньде, Елисей алаңына жақын жерде орын тепкен. Терезеден әйгілі Plaza Athénée бес жұлдызды қонақ үйі көрініп тұр.

"Бұрынғы иесі бірнеше пәтерді қосып, кеңейткен. Сатқан адам интерьерді жөндеуге 100 миллион еуро жұмсапты. Күзет қызметі екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Пәтер негізінен достарымен кездесіп, бас қосуға арналған. Қазақстандық сатып алушы менің беделімді жақсы біледі, сондықтан тез арада келісім жасадық", — деді Игнас Мювиссен.

Жаңалықтар
0