АСТАНА, 23 қазан — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда қиындыққа тап болған бірнеше адам бойынша ел билігінен мәлімет алып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бізде үш-төрт азаматтың нақты аты-жөні, тұрып жатқан мекенжайлары бар. Осы азаматтардың мәселесін олардың алдында қойып жатырмыз. Олардан бізге мәлімет түсіп жатыр", — деді бүгін министр журналистерге.
Министр бұл мәселенің өте күрделі екенін атап өтті.
"Күнделікті айналысамыз. Бұл мәселе бойынша Қытайдың сыртқы істер министрлігімен диалог жүргізілуде. Құрылтайдан кейін бізге бірнеше өтініш келіп түскен, біз оны егжей-тегжей қарастырып жатырмыз. Ол мәселелердің бәрін Қытай тарапының алдына қоямыз, оның ішінде Қазақстанда аккредитациядан өткен Қытайдың елшілігі бар, Алматыда бас консулдығы бар. Төтенше және өкілетті елшісі де осы мәселемен айналысады, ол кісінің алдына да қойғанбыз. Халықаралық конференция кезінде өздеріңіз де ол кісіге сұрақ қоюға мүмкіндіктеріңіз болды", — деді Әбдірахманов.
Министр бұл өзге елдің ішкі мәселесі екенін, сондықтан араласуға мүмкіндік жоқ екенін айтты. Бірақ дипломатиялық келіссөздер жүргізіле береді.
"Елге қайтып келген отандастарымыздың Қытайдан келіп жатқан туыстары бар. Олар әлі Қытай азаматтары, қазақ азаматтығына өту тағы бір процесс, өздеріңіз түсінесіздер. Қытай елінің азаматы болса, басқа елдің ішкі саясатына араласуға мүмкіншілігіміз жоқ. Бірақ дипломатиялық арналар арқылы біз олармен тығыз байланыстамыз", — деді ол.
"Бұдан бөлек, біздің министрліктегі консулдық қызмет департаменті қытай тарапымен жиі консультациялар өткізіп жатыр. Мысалы, осы аптаның басында министрлік делегациясы Қорғасқа барып, сол жердегі Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдаймен танысты. Біз қытай тарапымен келісіп Үрімшіге барып, сол жердегі көп маңызды мәселені талқылауды жоспарлап отырмыз", — деп түйді сөзін Әбдірахманов.
23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ Елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп, қандастарымыздың құқықтарын таптап жатқанын жеткізген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырған еді.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Желіде Қазақстанның бас прокурорының жалған қаулысы таратылып жатыр.
Хабарламада Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны жазылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.
"Желіде Бас прокурор бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулыға қол қойғаны жазылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған", – делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында.
Жалған хабарға мұқият қарағанда, орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжат ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде сайтта мұндай ақпарат жоқ.
Фейкті жасаған адам негізге алып отырған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ. Олардың саны 25 қана.
Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қате көп екені байқалады.
Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрады.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Алмаз (тегі белгісіз) украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчукке үйленді. Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шақырылған әртістер қатарында Дан Балан, Дима Монатик сынды әртістер болды. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Иванна Онуфрийчук "Без галстука" авторлық шоуын жүргізеді. "Страна.ua" басылымының ақпаратына сәйкес, бизнесмен Швейцарияда тұрады.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.
Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.
Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.