Қоғам

Елімізде қанша қар барысы қалды?

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуСнежный барс
Снежный барс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстан бойынша шамамен 120-130 қар барысы бар

АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Елімізде шамамен 120-130 қар барысы мекендейді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев айтты, жеп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

тазы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана тұрғындары әлемде сирек кездесетін иттерді тамашалай алады

"Қар барысы – Қазақстанның ерекше қорғалатын жануары. Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде шамамен 120-130 қар барысы қалды. Қар барысы мекендейтін жерлердің жалпы көлемі 50 мың гектады құрап отыр. Оның барлығы ерекше қорғалатын аумаққа кіреді. Қазіргі таңда БҒМ ҒК Зоология институты Қазақстанның биоресурстарды қорғау қауымдастығымен қар барысының нақты санын, азайып немесе көбейіп жатқанын зерттеп жатыр", — деді Дүйсекеев.

Оның айтуынша, қар барысы бар 13 мемлекет бірлесіп жануарларды қорғау бағдарламасын әзірледі. Қазақстан да аталған бағдарламаға қосылған. 

"Соңғы жылдары қар барысы бар 13 мемлекет бірлесіп бір бағдарлама жасады. Қазақстан да сол бағдарламаға қосылды. Соңғы деректерг сүйенсек, жер шарында 7,5 мыңнан аса қар барысы тіркеліп отыр. Халықаралық қызыл кітаптың мәліметінше, қар барысы жер шарында жойылып кету қаупі бар категориядан алынып, қорғауды қажет ететін жануарлар қатарына кіргізілген. Осыдан кейін бірлескен жұмыстың арқасында қар барысының көбейіп келе жатқанын байқап отырмыз", — деген Дүйсекеев Қазақстанда қар барысын заңсыз аулау фактілері соңғы жылдары тіркелмегенін атап өтті.

Жаңалықтар
0