Қоғам

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі "Нұр Отанның" қатарына өтті

© Photo : "Нұр Отан" партиясының ресми сайтыӘнші Ерке Есмахан "Нұр Отан" партиясының қатарына өтті
Әнші Ерке Есмахан Нұр Отан партиясының қатарына өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш Президент күніне орай "Нұр Отан" партиясының қатарына 15 жас қазақстандық қабылданды

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Бүгін "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында Тұңғыш Президент күніне орай партияға қабылдау рәсімі өтті. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед өз саласында биік белестерді бағындырған талантты 15 жас қазақстандыққа салтанатты жағдайда партиялық билет тапсырды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі. 

"Нұр Отан" – Елбасының партиясы. Сондықтан Мемлекет басшысының саясатын қолдайтын, елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет еткісі келетін әрбір жас қазақстандық осы партияның қатарынан табылуы тиіс", – деді салтанатты шарада Құл-Мұхаммед. 

"Нұр Отан" партиясының мүшесі атанған жастардың қатарында белгілі әнші, алғаш рет ұйымдастырылған "Жыл таңдауы" ұлттық телевизиялық ән байқауының лауреаты Төреғали Төреәлі, бірнеше хит әндердің орындаушысы Ерке Есмахан да бар. 

"Бүгін туған күніммен қатар болып жатқан бір қуанышпен бөлісейін! Бүгін мен "Нұр Отан" партиясына өтіп, партия билетін алдым. Еліміздің ең беделді, жетекші саяси партиясының қатарында болу — үлкен мəртебе",  — деп жазған Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында. 

© Photo : "Нұр Отан" партиясының ресми сайтыӘнші Төреғали Төреәлі партия қатарына өтті
Әнші Төреғали Төреәлі партия қатарына өтті - Sputnik Қазақстан
Әнші Төреғали Төреәлі партия қатарына өтті

Бұдан бөлек, партия қатарына ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева, кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов, бидайды қайта өндеу саласында әлемдік деңгейде жаңалық ашқан жас ғалым Әуесхан Оспанов, археолог Айбар Қасеналин, республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының дәрігері Алуа Масалимова, Ақтөбе облысы, Алға аудандық балалар үйі директорының орынбасары Вероника Власова, "Ауыл шаруашылығы саласындағы ең үздік жас маман" байқауының жеңімпазы Егемен Жұмағали, республикалық және халықаралық дебат турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері Уәлихан Тұрарбек, жас кәсіпкер Нұрлан Қабыштаев, "Дипломмен ауылға"бағдарламасының қатысушысы Ахмет Магомедов, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты Жалғас Молжігіт, жас шахтер Николай Алейников және металлург Дмитрий Бобылев өтті.  

© Photo : "Нұр Отан" партиясының ресми сайтыМұхтар Құл-Мұхаммед 15 жас қазақстандыққа партия билетін тапсырды
Мұхтар Құл-Мұхаммед 15 жас қазақстандыққа  партия билетін тапсырды - Sputnik Қазақстан
Мұхтар Құл-Мұхаммед 15 жас қазақстандыққа партия билетін тапсырды
Жаңалықтар
0