ұлттық валюта

Депутат Қазақстанның қасиетті жерлерін ұлттық валютада бейнелеуді ұсынды

116
(Жаңартылды 11:47 05.12.2017)
Депутаттың пайымдауынша, ұлттық валютада таңбаланатын бейне символдық мәнге ие болуы керек

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл ұлттық валютада Қазақстанның қасиетті жерлерін бейнелеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Таяуда ғана әлеуметтік желілерде, ел арасында және ақпарат құралдарында Ұлттық банк таныстырылымын өткізген 500 теңгелік жаңа банкнотқа қатысты қызу пікірталастар жүрді. Осыған қатысты қаржылық реттеуші ресми түсініктеме беруге де мәжбүр болды. Бұл ретте жаңа 500 теңгеге кескінделген елордадағы "Москва" коммерциялық бизнес орталығының бүкіл Қазақстан үшін еш ізгі символдық мәні жоқтығы сөзсіз", — дейді депутат. 

Айтуынша, бүкіл әлемде ұлттық валютада таңбаланатын бейне символдық мәнге ие болып табылады. Сондықтан оған қоғам да, орталық банктер де бейжай қарамайды.

"Мұны дамыған елдер тәжірибесінен де байқауға болады. Тіпті көрші Ресейдің өзі биыл айналымға түсетін 200 және 2000 рубльдің жаңа банкноттарында не кескінделетінін бүкіл Ресей бойынша жүргізілетін ашық конкурс пен дауыс беру арқылы таңдап алды. Сондықтан бұл іс маңызды, яғни ұлттық валютамызда не бейнеленетінін жалғыз Ұлттық банк дизайнерлерінің жеке таңдауына ғана қалдырмай, қоғамдық талқыға шығару керек", — деген пікірде Бақытбек Смағұл. 

Осы орайда, оның пайымдауынша, Елбасы жариялаған рухани жаңғыру стратегиясы ұлттық валютада да көрініс тапқаны жөн. Әрі бұл тек теңгеміздің жазуларын кейін латын графикасына көшірумен ғана шектелмеуі қажет. 

"Сонымен қатар ұлттық валютада барша қазақстандықтар, сондай-ақ бүкіл түркі дүниесі үшін қасиетті, киелі жерлер көрініс тапқаны абзал. Оларды алыстан іздеудің немесе интернеттен қараудың қажеті жоқ. Барлығы бойынша жан-жақты ақпараттар, деректер рухани жаңғыру аясында қолға алынған Қазақстанның киелі жерлері жобасы аясында жинақталуда. Ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер қазірдің өзінде 100 жалпыұлттық және 500-дей өңірлік мәдени ескерткіштерді іріктеп алғаныв мәлім. Елбасы "Болашақ бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында олардың бастылары қатарына Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бисет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудің киелі мекендерін және басқа да жерлерді жатқызады", — дейді ол.

"Киелі жерлерді ұлттық валютада бейнелеу арқылы оларды барша Қазақстан халқына, жас ұрпаққа және елімізге келетін шетелдік туристер мен мәртебелі меймандарға, сондай-ақ жаһандық коллекционерлер арасында насихаттап отыруды ұсынар едім", — деп түйді сөзін депутат. 


116
Тақырып:
Жаңа 500 теңге (4)
Мемлекет басшысы Ұлттық биотехнологиялар орталығына барды, архивтегі фото

Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды

33
Қазақстан президенті ғылыми-зерттеу институтының басшысына отандық вакциналарды дайындау ісіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаевқа коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы ақпарат берілді.

Касым-Жомарт Токаев принял гендиректора НИИ проблем биологической безопасности Кунсулу Закарью
Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады

Күнсұлу Закарьяның мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда институттың базасындағы бес платформада коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалуда. Институт әзірлеген белсенді емес вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мақұлданып, клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті және қазіргі уақытта Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығында зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Коронавирус індетіне қарсы әзірленіп жатқан отандық екінші суббірлікті вакцина ДДСҰ тарапынан мақұлданып, клиникалық зерттеулерден сәтті өткен. Бұл вакцинаның материалдары Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында қаралып жатыр.

"Президентке Қазақстанда бұрын-соңды болмаған иммундық препараттар шығаратын зауыт құрылысы туралы да мәлімет берілді", - делінген хабарламада.

Ғылыми-зерттеу институтында отандық вакциналар шығаратын зауыт құрылысы жүргізілуде. Зауыттың жобалық қуаты жылына 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жетеді. Осы арқылы отандық нарықты ғана қамтып қоймай, оны экспорттауға да мүмкіндік туады. Аталған зауыт іске қосылған кезде еліміз импорттық тәуелділіктен арылады. 

Оқи отырыңыз: Елдегі жағдай тұрақталғанымен, босаңсуға болмайды – Тоқаев

Мемлекет басшысы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру ұсынысын қолдады. Сонымен қатар кездесуде қызметкерлердің жалақысын көтеру, аталған салаға жас мамандарды көптеп тарту, нормативтік-құқықтық актілерге вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізу мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакциналарды дайындау ісіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

33
Кілт сөздер:
вакцина, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Атырауда "СК-Фармация" қоймасында дәрі-дәрмек қоры жоқ болып шықты
Министрлік маска мен тесті арзандату мәселесін қарастырады
Президент әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы қымбаттағанын айтты
Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты Маминге тапсырма берді
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Дәрігерлер, архивтегі фото

2 миллион теңге берілмейді: дәрігерлердің өтемақысын неге тоқтатты?

58
Енді өтемақы медициналық мекеме немесе кәсіподақ ұйымы тарапынан, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар есебінен төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Келесі айдан бастап коронавирус инфекциясы мен ковидтік пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2-10 миллион теңге көлеміндегі өтемақы төленбейді. Үкімет бұл шешімнің себебін түсіндірген. Алайда депутаттар да, медицина қызметкерлері де төлемнің тоқтатылуына қарсы. Өйткені коронавирустың қаупі әлі сейілген жоқ. Sputnik Қазақстан тілшісі пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған өтемақыны тоқтатудың негізгі себептерін зерделеп көрді.

Үкіметтің уәжі қандай?

20 қазанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия инфекцияны жұқтырған және одан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне төленетін бір реттік өтемақыны тоқтатуға шешім қабылдаған болатын. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, осы уақытқа дейін медицина мамандары біраз тәжірибе жинаған. Бұрынғыдай қорғаныс құралдарының тапшылығы жоқ. Ондай жағдайда дәрігерлер арасында вирус жұқтыру оқиғалары болмауы тиіс. 

"Бұл өтемақы қатаң карантиндік шектеулер кезінде ғана беріледі деген жоспар болған. Себебі науқастар көп болды. Қазір қатаң карантин жоқ. Стационарларда науқастар көп емес. Дәрігерлер арасында вирус жұқтыру жағдайлары да жоқ деуге болады. Сосын медицина қызметкерлері біраз тәжірибе жинап алды. Сондықтан коронавирусты жұқтырғандарға берілетін өтемақыны тоқтатуға шешім қабылданды", - деді Шоранов арнайы брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, бұдан былай медицина қызметкерлері коронавирусты жұқтырса, ондай жағдайлар аурухана ішіндегі инфекция ретінде рәсімделеді, яғни, әдеттегідей жұмыс орнында вирусты жұқтыру оқиғасы болып саналады. Ал өтемақы медициналық мекеме немесе кәсіподақ ұйымы тарапынан, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар есебінен төленеді. Ондай жағдайда аурухана басшылары өз бюджетін ойлап, қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге және санитарлық ережелерді сақтауға тырысады деп жоспарланып отыр. Осылайша, үкімет әкімдерге де, бас дәрігерлерге де қосымша мотивация береміз дейді.

Кәсіподақтар вирус жұқтырған маманға 3 айлық еңбекақы ғана төлей алады

Бүгін бір топ депутат дәрігерлердің өтемақысын тоқтатуға қарсылық білдірді. Мәжілісмен Азат Перуашевтің айтуынша, қазір әлем бойынша коронавирус өршіп барады. Осы кезде медицина қызметкерлерінің өтемақысын тоқтатқан қисынсыз. Себебі науқастардың саны өз елімізде де көбейіп келеді. Дәл осы уақытта медицина қызметкерлері мемлекеттің қолдауын сезінуі керек.

"Шенеуніктер ақ халатты абзал жандарға ту сыртынан соққы жасап отыр. Енді дәрігерлердің көбісі мемлекетке өздерінің жанкештілігі, науқастарға деген мейірімділігі мен батылдығы қажет екеніне күдіктене бастайды. Ал вирусты жұқтырған жағдайда оларға кім мейірімділік танытады?", – дейді Перуашев.

Депутаттар кәсіподақ ұйымдары мен жергілікті бюджеттердің мүмкіндігін де зерделеп шығыпты. Сөйтсе, екеуі де 2-10 миллион теңгенің өтемақысын төлеуге қауқарсыз. Мәселен, кәсіподақтар инфекция жұқтырған маманға емделу үшін 3 айлық еңбекақыдан артық ақша төлей алмайды. Коронавирусты отбасының барлық мүшесі жұқтырса, ол ақша дәрі-дәрмекке де жетпей қалуы мүмкін.

"Ал жергілікті бюджетте мұндай шығын атымен жоқ, яғни төлем қарастырылмаған", – деп атап өтті Перуашев.

Осы орайда депутат тағы бір маңызды мәселеге назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде "медицина қызметкерлерінің тәжірибесі мен қажетті қорғаныс құралдары арқасында олардың вирусты жұқтыру қаупі барынша төмендесе, үкімет өтемақыға кететін ақшаға алаңдамай отырса да болады" . Одан да мемлекеттің беделін ойлап, бәрін сол қалпында қалдырған дұрыс. Осыған байланысты депутаттар үкімет басшысына сауал жолдап, белгіленген мерзімнің ішінде жауап беруді талап етті.

Өтемақыға 20 миллиард теңге жұмсалды

Шыны керек, медицина қызметкерлерінің бір реттік өтемақысын төлеуге біраз шығын шықты. Мәселен, осы уақытқа дейін 13 мың медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 9 309 маманның инфекцияға жұмыста шалдыққаны расталды. Сөйтіп, барлығына 2 миллион теңге көлемінде бір реттік өтемақы берілді. Сосын коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден таратылды. Сонда барлығына, шамамен, 20 миллиард теңгедей кеткен. Дегенмен, ол ақша бюджеттен емес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленді. Ал осы ұйымның есебіне сәйкес, биыл 9 айдың ішінде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар 196,8 миллиард теңгенің көлемінде әлеуметтік аударымдар жасаған. Демек, бір реттік өтемақыға кеткен шығын осы соманың тек 10 процентін ғана құрайды және жұмысшылардың есебінен төленді. Ал республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына ақша триллиондап бөлінеді.  

Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті 

Ulagat Consulting Group компаниясының директоры, экономист Марат Қайырленовтың айтуынша, қазіргі кезде бюджет есебінен республика бойынша заманауи инфекциялық стационарлар салынып, сол жерде қымбат медициналық техника орнатылып жатыр. Коронавирустың екінші толқыны басталған жағдайда мыңдаған төсек орын жасақталады. Алайда кәсіби медицина мамандары болмаса, заманауи ғимараттар да, төсек орындар да, техника да көмектесе алмайды. Сондықтан алдымен медицина қызметкерлерін қолдау қажет.

"Биыл денсаулық саласына 1,5 триллион теңге бөлініп отыр. Осы қаржыны біршама үнемдесе де, ақша табуға болады. Мысалы, міндетті мемлекеттік сақтандыру қорының аппаратына кететін шығындарды азайтып, штатын қысқартса, біраз қаржы үнемделеді. Бұдан бөлек, "СК-Фармация" компаниясы бар. Оған да кететін қаражатты азайтуға болады. Ондай мекемелер көп. Дәрігерлердің өтемақысына тиіспей-ақ бәрін реттеуге мүмкіндік бар ғой", - деді Қайырленов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Үстемақы қала береді

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша коронавирусты жұқтыру қаупі бар жерде жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне төленетін үстемақы қала береді. Оны қауіптің деңгейіне қарай төлейді:

  • "Қауіптілігі аса жоғары" — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы – 850 мың теңге;
  • "Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Оларға 425 мың теңге төленеді;
  • "Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқа мамандар. Үстемеақы 212,5 мың теңге шамасында қарастырылған.
58
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрігерлер, өтемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Пневмония мен COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленбейтін болды
Қазақстанда масканың шекті бағасы белгіленді
Коронавирустан қайтыс болған барлық медицина қызметкерінің туыстары өтемақы алды
Дәрігерлерге өтемақы төлеу тәртібі өзгерді – министрлік түсініктеме берді 
Иллюстративті фото

Brent мұнайының бағасы 40 доллардан төмендеді

0
Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 39,97 долларға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Brent мұнайының бағасы едәуір төмендеді, оған сауда-саттық мәліметтері дәлел.

РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті.  

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 процентке – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 процентке, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді 

Еске сала кетейік, мұнай бағасының арзандауына байланысты, сәрсенбіде Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 430,51 теңгеге дейін әлсіреді.

Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов бұған дейін ұлттық валютаның айырбас бағамы туралы түсініктеме берген болатын.

0
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Тақырып бойынша
Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
2021 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша болады
"Инфляциядан төмен болады": депутаттар республикалық бюджеттің шикі тұстарын атады