Қоғам

Ұлттық ұлан сарбаздары студент қыздың жоғалтып алған әмиянын тауып берді

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әмиянда бойжеткеннің құжаттары мен ақшасы болған

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Ұлттық ұлан сарбаздары елордалық студент қыздың жоғалтып алған әмиянын тауып, қайтарды. Әмиянда қыздың құжаттары мен ақшасы болған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

ақша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкент тұрғыны тауып алған 2 млн теңгені иесіне қайтарды

Патурлдік топтың басшысы, қатардағы сарбаз Кенжебек Нұрсұлтан мен патрулдік сарбаз Логинов Станислав қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызметін атқарып жүріп, Астана қаласы Алматы ауданында әйел адамның әмиянын тауып алады, әмиянда екі банк карточкасы мен 20 мың теңге болыпты.

"Тексеру барысында әмиянның елордалық ЖОО бірінде оқитын студент қызға тиесілі екені белгілі болды, ол жарты сағат бұрын полицияға әмиянының жоғалғаны туралы арыз беріпті. Ұлттық ұлан сарбаздарының жедел әрекет етуі арқасында табылған әмиян заңды иесіне қайтарылды", — делінген хабарламада.

Бойжеткен сарбаздарға шын жүректен алғысын жаудырды.

Жаңалықтар
0