Қоғам

Алматылық оқушы Қытайда өткен олимпиадада "алтын" олжалады

© Photo : "Назарбаев зияткерлік мектептері" АБҰАлматылық оқушы Қытайда өткен олимпиадада "алтын" олжалады
Алматылық оқушы Қытайда өткен олимпиадада алтын олжалады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақназар 20-дан астам оқушының ішінен топ жарды

АСТАНА, 17 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық оқушы Ақназар Қажымұрат халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Назарбаев зияткерлік мектептері" АБҰ баспасөз қызметі.

Алматылық оқушы "Математика" секциясында бақ сынап, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 20-дан астам қарсыластың ішінен топ жарды. 

Виктор Макаров, психотерапевт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Психолог: Баланы озат оқушы болуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ
S.-T. Yau High School Science Awards  халықаралық байқауы Қытайдың Бейжің қаласында өтті. Финалға 80-ге тарта команда қатысты. Үздіктер бес пән – математика, физика, биология, химия және информатика бойынша анықталды.

Оқушылардың білімін Гарвард, Стенфорд, Дьюк, Корнел, Тсинхуа университеттерінің атақты профессорлары бағалады. Әділ қазылардың айтуынша, бұл олимпиада соңғы жылдардағы ең күрделі конкурстардың бірі болып танылған. 

Бүгінде Ақназар Алматыда физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 11-сыныпта оқиды. Бейжіңдегі жеңіс оқушыға әлемнің жетекші білім ордаларына жол ашып отыр. Десек те Ақназар Қазақ-британ техникалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің гранттарына ие. 

Ақназардың есімі әлемнің жас дарындылары арасында өте танымал. Ол талай рет математика саласындағы еуропалық ғылыми конгрестерге, симпозиумдарға қатысқан. Былтыр жазда қазақстандық вундеркинд Индонезияда өткен халықаралық физика олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Жаңалықтар
0