Қоғам

Қазақ елі Құман Тастанбековпен қоштасты

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда қазақтың Төлегенімен қоштасуға жүздеген адам жиналды

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Алматыда жұртшылық "Қыз Жібек" фильмінде Төлеген рөлін сомдаған белгілі әртіс Құман Тастанбековпен қоштасты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қоштасу рәсімі Құман Тастанбеков жұмыс істеген Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтті. Белгілі тұлғамен қоштасуға жүздеген адам жиналды, олардың арасында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, сондай-ақ танымал қазақстандық театр және кино әртістері болды. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет басшысының атынан көңіл айту хатын оқыды, Бауыржан Байбек пен актер Асанәлі Әшімов те сөз сөйледі. 

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
1/4
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
2/4
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
3/4
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
4/4
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
1/4
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
2/4
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
3/4
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты
4/4
Алматы жұртшылығы Құман Тастанбековпен қоштасты

Қаралы хабар 17 желтоқсан күні тарады. Белгілі актер Құман Тастанбеков Ақтауда тұратын туысқандарына қонаққа барғанда қайтыс болған. 

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. Актер, Қазақстанның халық әртісі (1993 ж.).

1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (ұстазы – профессор Х.Бөкеева) бітірген соң, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970 ж.). Бұдан кейін “Қыс – мазасыз маусым”, “Ағам менің”, “Ерекше күн”, “Аққулар ұшып келеді”, “Махаббат жаңғырығы”, “Ағама арналған қалыңдық”, “Қараша қаздар қайтқанда”, “Провинциялық хикая”, “Алаң шеті”, “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.

Ол театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Ақ кемесі”), Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман – Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік – Кебек”), Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., 1976), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”), Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”), Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”), Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”) т.б. секілді әр алуан рөлді сомдады.

Жаңалықтар
0