Қоғам

Балуан ұлының қарсыласын бір ұрған ана желіде жұлдыз болды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуГрек-рим күресі. Архивтегі фото
Грек-рим күресі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарт ананың бұл әрекетіне біреулер түсіністік танытса, біреулер сынға алып жатыр

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Әлеуметтік желіде күрестен өткен сайыстардың бірінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. 

Instagram желісінің ztb_video паблигінде жарияланған видеода қартаң әйел белдесіп жатқан ұлына көмектесу үшін бозкілемге шығып кетіп, оның қарсыласын бір ұрғаны көрінеді.  

Осы жағдайдан кейін төреші белдесуді тоқтатып, жеңісті "жәбірленушіге" береді. Оқиғаның қайда және қашан болғаны белгісіз.  

"Сенің жасың қаншада екені маңызды емес, ана үшін әрқашан бала болып қаласың", — деп жазылған видеоға.   
Жаңалықтар
0