Қоғам

"Жарайсың!" Нығматулин қазақша баяндама жасаған депутатты шенеуніктерге үлгі етті

© Sputnik / Болат ШайхиновМәжілістің жалпы отырысы, архивтегі сурет
Мәжілістің жалпы отырысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс төрағасы орысша баяндама жасайтын шенеуніктерге қазақша сөйлеген депутатты үлгі етті

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Бүгін мәжілісте депутат Наринэ Микаелян "Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша қосымша баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасап шықты. 

Микаелян баяндамасын жасап болған соң мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:

"Рахмет. Жарайсың, Наринэ Гамлетовна!", — деді. Төрағаның бұл сөзіне депутаттар қол соғып, қолдау көрсетті.

"Меніңше, көптеген азаматтарға жақсы үлгі көрсетті. Әсіресе, сол жақта отырғандарға", — деді Нығматулин. 

Мәжіліс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шенеуніктердің қазақ тілінде сөйлемеуі депутаттың "намысына тиді"
Ал сол жақта заң жобасы бойынша депутаттардың алдында баяндама жасап, олардың сұрақтарына жауап беретін мемлекеттік органдардың өкілдері отырады. Бүгінгі отырыста архив ісі мәселелері туралы заң жобасы бойынша мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндамасын толық дерлік орыс тілінде жасады. Бұдан бөлек бірқатар министрліктің лауазымды тұлғалары қазақша қойылған сұрақтарға ресми тілде жауап берді. 

Наринэ Микаелян қазақша баяндаған заң жобасын депутаттар мақұлдады. Депутаттың айтуынша, аталған заң жобасы Қазақстанның халықаралық шарттары туралы заңына сәйкес әзірленді. 

Марат Бекетаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр Бекетаев қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді
"Шарт 2017 жылы 15 маусымда Ханойда жасалды. Бұл шартта қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша Қазақстан мен Вьетнамның құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл жасау мәселелері реттеледі. Шартқа ұстап беру саласындағы еуропалық стандарттар енгізілген. Сондай-ақ ұстап беруге әкеліп соғатын негіздер мен ұстап беруден бас тарту шарттары жан-жақты реттеледі. Сонымен қатар шартта уақытша ұстап беру мен ұстап беруді кейінге қалдыруды реттейтін нормалар да бар. Ұстап беру мәселелерінде тікелей өзара іс-қимыл жасайтын екі мемлекеттің орталық органдары айқындалған. Құжаттарды беру тәртібі мен олардың рұқсат етілуі ескерілген. Шартты ратификациялау жоғары аталған барлық мәселелердің реттелуіне кепілдік береді. Бұл шарт біздің елде экстрадицияға байланысты рәсімдік сипаттағы кез келген ықтимал мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды. Шарттың ережелері еліміздің Конституциясына, басқа да қолданыстағы заңдарына халықаралық құқықтық нормалар мен қағидаттарға сәйкес келеді. Сонымен қатар шарт екі ел арасындағы қылмысқа қарсы күресте тиімді ынтымақтастық жасауға оң әсер етеді", — деп баяндады Микаелян.


Жаңалықтар
0